- Негізгі бет
- Кино
- Жаңа фильм: Өзінің...
Жаңа фильм: Өзінің 23 жастағы клонымен айқасқан адам
Қазір фантастикалық бағыттағы кинолар көп белең алуда. Бұрын бұл жанр шын өмірде ешқашан орын аймайтын ертегідей көрінсе, қазір техника дамыған заманда қиялға сыймайтын дүниелер болып жатыр. Мысалы, жақында алғаш рет 3D-принтер көмегімен кішкентай тірі жүрек басып шығарылды.
Осы себепті, біз трейлерін ұсынғалы отқан фильм сюжеті шектен тыс қиял әлеміне бастайды деуге келмес, бірақ қызық болары анық. Картина өз клонымен айқасқан адам туралы. Басты рөлді атақты Уилл Смит сомдайды.
Естеріңізге сала кетейік, клондау – ағзаларды жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол ағзаларға ұқсас ұрпақтар алу. Ол жануарлар тұқымдары мен өсімдіктер сорттарын алушыларға, генетикалық тұрғыдан, бірдей ұрпақ жасауға және өздері қалаған қасиеттерді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мысалы, қызанақ сортын өсірушінің көрнекті өсіру алқабы болса, ол өз өнімдерін клондау арқылы көбейте алады. Жынысты көбею ұрпақтар өзгерісін тудыратындықтан, ол өз өнімдерінің генетикалық құрылым көшірмесін алу арқылы көбейте алады.
Фермерлер мен бағбандар өсімдіктерді клондауды жүз жыл бұрын қолдана бастаған.Ал адамға келгенде мәселе бөлек. Қазір адам клонын жасау этикаға жатпайды және қауіпті деп саналады.
А. Оралқызы