Аңызға айналған француз актері Жан-Поль Бельмондоның мәңгілік мекеніне аттанғанына 1 жыл болыпты. Осы орайда кинематографияға елеулі үлес қосқан даңқты актерді еске алуды ұйғардық.
Француз киносы ғана емес, тұтас кино әлемі қара жамылды. Хас талант, шексіз харизма мен француздық шарм бір бойына тоғысқан аңыз тұлғаның есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Алайда оның актерлік мансабында мінсіз тандем құрып, экрандағы эстетиканы еселей түскен кино дуэттерінің орны бөлек.
Бельмондо француз "жаңа толқынының" символы іспетті. Актердің алғашқы танымалдықты Жан-Люк Годардың "Соңғы дем" (1959) фильміндегі Мишель Пуакард рөлі әкелді. Онда америкалық актриса Джин Сибергпен бірге ойнады.
Келесі жылы Белмондо өзінің даңқын Витторио Де Сиканың "Чочара" фильмінде София Лоренмен бірге ойнауы арқылы нығайтты.
Алғашқы фильмдерінде ол жас бүлікші бейнесін шебер сомдап еуропалық жастардың сүйікті актерлерінің біріне айналды. Содан бері оның абыройы артпаса, кемімеді.
Актриса Катрин Деневпен "Миссисипиден келген Сирена" фильмінің түсірілімінде, 1969
Актриса Кристин Кауфманнмен "Рокка есімді жігіт" фильмінің түсірілімінде, 1961
Актриса Андреа Паризимен "Күн астындағы жүз мың доллар" фильмінің түсірілімінде, 1962
Актриса Жанна Моромен "7 күн, 7 түн" фильмінің түсірілімінде, 1960
Актриса Эмманюэль Ривамен "Леон Морен, пірадар" фильмінің түсірілімінде, 1961
Актриса Джина Лоллобриджидамен "Бұлқынған теңіз" фильмінің түсірілімінде, 1963
Актриса Клаудия Кардиналемен "Картуш" фильмінің түсірілімінде, 1962
Актриса Паскаль Петимен "Монастырьдағы әйелдің хаттары" фильмінің түсірілімінде, 1960
Актриса Брижит Бардомен "Ақиқат" фильмінің түсірілімінде, 1960
Актриса Анни Жирардомен "Маған ұнайтын жігіт" фильмінің түсірілімінде, 1969
Актриса Моник Хеннесимен "Сөз тасушы" фильмінің түсірілімінде, 1962
Актриса Жаклин Биссетпен "Керемет" фильмінің түсірілімінде, 1973
Әрине, Бельмондоның мансабындағы ең маңызды тандем Ален Делонмен болды. Ол бүгінCNews телеарнасының эфирінде: "Мен үлкен күйзелістемін ... Ол менің өмірімнің бір бөлігі, біз 60 жыл бұрын бірге бастаған едік", - деді.
Аңызға айналған екі француз актері шамамен бір мезгілде дүниеге келді және өз елдерінде де, әлемде де бірдей танымал болды. Көпшілік актерлерді бәсекелестер деп санаған, ал Делонның өзі бұл туралы "Белмондосыз Делон, ал Делонсыз Белмондо болмас еді" деп айтқан болатын. Әртістер бір фильмде бірнеше рет бірге ойнаған. Олардың ортақ туындыларының арасында "Борсалино", "Екі адамға бір мүмкіндік" т.б. картиналары бар.