Жан-Люк Годардың қанатты сөздері

Жан-Люк Годардың қанатты сөздері

Ұлы кинорежиссер Жан-Люк Годар кеше қайтыс болды. "Француз жаңа толқыны" аталып кеткен кинобағыттың негізін қалаушы эвтаназияға жүгіну арқылы өз еркімен дүниеден өтті. Бұл туралы туыстары Liberation басылымына хабарлады. Женева көлінің жағасындағы үйінде жақын-туыстарының ортасында фәниден озды.

Өнер тарихындағы бірегей тұлғаны кез келген некрологтан артық сипаттай алатын оның 10 қанатты сөзін ұсынып отырмыз. Бұлар оның өмірлік ұстанымдарын анық ұғуға көмектеседі.

Қырып-жою, соғыс туралы

"Менің әскер атаулыға аллергиям бар, кез келген тартыс, қақтығысқа. Қол күресі, яғни, спорт және Сократ мәнеріндегі сөз айтысынан басқа. Қалғанының бәрі — жас ұл баланың ойыны, ал менің бойымдағы қасиеттер әйелдерге тән...".

Сильви Стенбах, l‘avant-scène théâtre, 1984 наурыз  

Коммерциялық кино туралы

"Спилбергтің көрерменді ойлауға шамасы жетер дейсіз бе? Он екі миллионды қалай ойлайсың? Оның продюсері он екі миллион доллар туралы ойлай алатын шығар, бірақ сонша көрермен ше ... Елестету де мүмкін емес! Спилберг университет бітірген, сауаттылар қатарында-мыс. Университеттерде киноны осылай түсіруді үйретеді. Кездесе қалсақ мен оған: „Мынадай кино түсіру үшін асқан мықтылықтың қажеті жоқ“- дер едім. Ол мықты дейтіндей, мықты да емес, Беймәлім Ұшқыш Нысанмен (НЛО) жолығып қалса, не дерін білмей әбден сасары анық. Мен еш қиналмас едім, себебі өзім де — БҰН-мын (НЛО)".

"Киноның нағыз тарихына кіріспе", 1980

Сынды қабылдау туралы 

"Менің сыни мақалаға қатысты бір рет қана көңілім түскен. Луи Шаве  Figaro-да менің фильмімді әбден мақтапты. Мен оны көрдім де, "жұрт мақтауын асырғанына қарағанда, фильмім соншалық мықты болмағаны ғой" деген ойға қалдым".

Теле сұхбат, 1964

Жалғыздық сезімі туралы

"Мен өте жалғызбын, оны жоққа шығара алмаймын. Мен өз ішімде көптеген құбылыстармен және адамдармен үнемі диалогта (олар мұнымды білмейді де ) боламын. Бірақ сырттай мен оны ешкімге көрсетпеймін. Бұл менің мінезім және өмірімнің шындығы. Мен шын мәнінде өте жалғыз және өзгелермен қарым-қатынасы қиындықтарға толы адаммын".

Гейвин Смитке берегн сұхбаты, FILM COMMENT, 1996 наурыз-сәуір

Мақаланы оның қазақ киносы туралы ойымен түйіндеуді жөн көрдік.

"Мен енді өлуден қорықпаймын, себебі киноға Дәрежан Өмірбаев дейтін режиссер келді"

А. Оралқызы