- Негізгі бет
- Кино
- Жақында Джеймс Бонд...
Жақында Джеймс Бонд туралы кезекті фильм шығады
Бонд... Джеймс Бонд. Бұл кейіпкер туралы естімеген адам жоқ шығар. Жақында ғана түрлі буын өкілдерінің сүйікті кейіпкеріне айналған 007 агент туралы кезекті 25-ші фильмнің түсірілімі басталғаны туралы белгілі болды.
Аталмыш фильм Syncopy продюсерлік орталығының иесі Кристофер Нолан басшылығымен жүзеге асырылады деген деректер бар. Джеймс Бонд туралы «Спектр» және «Скайфолл» аталатын соңғы екі фильмде режиссерлік еткен Сэм Мендес кезекті түсірімнен бас тартқанына қарағанда Нолан туралы ақпарат рас болуы әбден мүмкін.
Ноланмен бірге жұмыс істеп үлгерген Том Харди ол туралы былай дейді: «Кристофер — Бонд туралы фильм үшін таптырмас режиссер».
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ноланның компаниясы 11 фильмге продюсерлік жасады, және солардың 9 – ында ғана Критофер режиссер қызметін атқарған болатын .
Бұрын-соңды, осы ағылшын барлаушысы туралы фильмдер желісіне иелік ететін Барбара Брокколи мен Майкл Уилсон режиссер ретінде «Шерлок» сериалын түсірген Пол МакГиганды таңдайды деген де ақпарат болған.
007 агент туралы 25-ші фильм кімнің қолынан шығарын жақын арада білетін боламыз.
А. Оралқызы