Интернетте "Сабина келін-2" картинасының тизері шықты. Комедия жанрындағы фильмнің жалғасы 2015 жылдың жазында түсіріле бастаған еді. Фильмде бай жігітке тұрмысқа шыққысы келген қалалық Сабина атты қыздың Жүгері деген ауылға тап болатыны белгілі. Қыз Жәнібек есімді ауыл баласына тұрмысқа шығып, ауылдан қашып кетпекші болады. Фильмнің екінші жартысында оқиға жалғасын табады.
Фильм продюсері Нұртас Адамбаев бұған дейін екінші бөлімнің әлдеқайда қызықты болатынын айтқан болатын.
Дереккөз: tengrinews