77 жасқа келген Харрисон Форд Индиана Джонс есімді атақты кейіпкерін қайта сомдамақ. Бұл туралы Lucasfilm кинокомпаниясының басшысы әрі продюсері Кэтлин Кеннеди хабарлады. Сериалдың 5-ші бөлімі 2021 жылдың 9 шілдесінде шығады.
"Біз қазір сценарий жазумен айналысып жатырмыз. Ерекше сюжетке қол жеткізген күні-ақ түсірілімге кірісеміз. Бір жақсысы, Индиана Джонс рөлін Харрисон Фордтың өзі сомдайды", – деді Кэтлин Би-би-си арнасына берген сұхбатында.
Жалпы, бұл ақпар сонау 2008 жылы, яғни, аталған фильмнің 4-ші бөлімі жарық көрген кезде шыққан. Бірақ жоспар өзгергенге ұқсайды. Естеріңізге сала кетейік, фильмді Стивен Спилберг түсіреді.