- Негізгі бет
- Кино
- Игі істер жайлы...
Игі істер жайлы 6 фильм
Кейде кино ойыңызды өзгертіп жібереді. Ендеше, әлемді жақсылық билейтінін еске түсіретін фильмдер тізімін ұсынамыз.
«Алдын ала төле» («Pay It Forward»), 2000 жыл
Әрбір адамға қолдау керегін ұмытпас үшін осындай фильмдер керек. Бұл картинаны көргеннен кейін біреуге жақсылық жасағыңыз келіп кетеді. Басты кейіпкер — 7-сынып оқушысы Тревор әр адамға шабыт береді. Фильмнің идеясы мен актерлар ойыны керемет.
«Менің жаным билеуде» («Inside I'm Dancing»), 2004 жыл
Фильмде мүгедектер үйінде тұратын Майкл есімді жас жігіттің өмірі көрсетіледі. Ол өсімдік секілді күнделікті тәртіппен өмір сүреді: әр жаңа күн — алдыңғының көшірмесі. Алайда біркүні ол бұлшықеттің семуімен ауыратын жаңа емделуші Роримен танысады. Рори да Майкл сияқты тек мүгедектер арбасымен ғана қозғала алады. Бірақ оның өмірлік ұстанымдары Майклдың көзқарасын өзгертеді.
«Жеті өмір» («Seven Pounds»), 2008 жыл
«Жеті өмір» — терең эмоционалды драма. Ол афроамерикандық актер Уилл Смит пен итальяндық режиссер Габриеле Муччиноның («Бақыттың жолында») екінші ортақ жұмысы. Бірнеше жыл бұрын басты кейіпкер — Тим Томастың себебінен автомобильді апат болып, 7 адам қайтыс болады. Ол кінәсін жою мақсатында шынымен көмек керек адамдар үшін өз өмірін қиюға бел буады.
«Көрінбейтін бөлік» («The Blind Side»), 2009 жыл
Бұл ең үздік фильмдердің бірі. Сандра Буллок бұл картинадағы басты рөл үшін «Оскар» сыйлығын алды. Тұрмысы нашар отбасыдан шыққан жасөспірім баланы жақсы тұратын әрі тату отбасы өз қамқорлығына алады. Нәтижесінде, ол өмірдегі өз жолын тауып, футбол жұлдызына айналады. Фильм кез келген адамның өмірінде отбасысының қолдауы қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
«1+1», 2011 жыл
Кинематография тарихындағы ең мейірімді фильмдердің бірі. Фильм бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екітүрлі адамдар жайлы: денесі толықтай сал болған бай аристократ Филипп пен қарапайым жігіт Дрисс. Бұл екітүрлі адамдардың арасында өмірлерін жақсы жаққа өзгертетін берік достық пайда болады.
«Жақсы өтірік» («The Good Lie»), 2014 жыл
Төрт бала — Мамере, Иеремея, Пол және Абиталь Судандағы азаматтық соғыстан аман қалады. Оларға 13 жыл өткен соң өмірді қайта бастауға керемет мүмкіндік туады. Олар африкалық босқындарды бейімдеу бағдарламасына қатысып, АҚШ-қа көшіп келеді. Бұл жақтың тәртіптерімен және құндылықтарымен танысады. Алайда соғыс салдарлары оларға тыным бермейді. Бұл ауыртпалықпен күресуге оларға қоғамдық қызметкер Кэрри көмектеседі.