"Хоббит" туралы 13 дерек

Қазақстандық кинотеатрларда желтоқсан айының он тоғызыншы жұлдызынан бастап көрерменге жол тартқан "Хоббит: Күтпеген саяхат" ("Хоббит: Нежданное путешествие") фильмінің жалғасы саналатын "Хоббит: Смаугтың тақыры" ("Хоббит: Пустошь Смауга") фильмі көрсетіле бастады. Фильмнің көрермені атанып, өз бағасын беріп үлгерген болсаңыз, төмендегі қызықты мәліметтерді оқып шығыңыз. Әлі де жолыңыз түспей жатса, санаулы күндерді пайдаңызға асырыңыз дегіміз келеді.

1. Трилогияның режисері – Питер Джексон. Фильм Джон Рональд Руэл Толкиннің «Хоббит, немесе Бару және қайту» («The Hobbit, or There and Back Again») атты повесі бойынша түсірілген.

2. Туындыда "Сақиналар әміршісіне" ("Властелин колец") дейінгі оқиғалар баяндалады.

3. Иэн Холл (Бильбо Беггинстің кәрі кезін сомдаушы) мен Крисотфер Ли (Саруман) қатысатын барлық эпизодтар (Бильбо Беггинстің кәрі кезін сомдаушы) Лондондағы Pinewood studios студиясында түсірілген. Егде жастағы актерларға Жаңа Зеландияға бару қиынға соқты.


4. «Хоббитке» тікелей түспеген, бірақ Смауг аждаһасының дауысын салған британдық актер Беннедикт Камбербетч бірнеше рет түсірілім алаңына келіп-кетіп жүрген.

5. Питер Джексонның Жаңа Зеландияда Мирамар аталатын аралда жеке студиясы бар екен. Бұл жерде «Сақиналар әміршісі» де, «Хоббит» те түсірілді.

6. «Смаугтың тақыры» да, «Күтпеген саяхат» та бірден 3D-да Red Epic камерасымен түсірілген екен. Бұл камера секундына 48 кадр түсіруге икемді. Операторларда дәл осы модельдегі 48 камера болған екен. Джексон бұл камераларды «Сақиналар әміршісіне» де қолданғысы келген, бірақ, құрылғы толықтай жетіліп үлгермеген екен. Сондай-ақ, операторлардың кез келген жерге, кез келген нәрсеге ілуге болатын арнайы 24 бекіткіші де болды.

7. Ұйқыдағы Смаугты көміп жататын гномдардың қазынасы шынайы екен. Түсірілім үшін сансыз метал, резеңке тиындар және алтынмен қапталған алюминий тиындар дайындалады. Олардың қатарында 2000-нан астам қолдан құйылған кубоктар, алтыннан, кристалдан жасалған саны жоқ алқалар да бар. Көргендердің айтуынша, алтын тіреуіштер де арнайы құрылған екен, олардың ұзындығы шамамен 10 метрді құрайды.

8. Питер Джексонның және Weta Digital студиясының мамандарының айтуынша айдаһардың ұзындығы «Боинг-747» ұшағының екеуіндей шығады екен.

9. «Смаугтың тақырында» Трандуилдың рөлін сомдаған актер Ли Пэйс экрандағы баласы Леголастан (Орландо Блум сомдады) екі жас кіші көрінеді.

10. Эльфтардың сұлу әрі батыр бойжеткені – Тауриэль Толкиннің кітабында болмаған. Бұл кейіпкер фильмдегі ерлер тобының қарым-қатынасын ушықтыру және фильмге әйел энергиясын енгізу үшін ойлап табылған. Картинаны құрушылардың айтуынша, пайда болған кейіпкер Толкиннің стилінде шыққан.

11. Тауриэльдің рөлін сомдаған Эванджелин Лилли алдын ала садақ тарту сабақтарын оқып, эльф тілін үйренеді. Эванджелин 13 жасынан бері Толкинның шығармаларын сүйіп оқитындығын мойындаған.

12. Фильмге түскен Кейт Бланшет, Мартин Фриман, Ли Пейс, Орландо Блум, Ричард Армитедж және Бенедикт Камбербэтч атты актерлар 2013 жылдың «ең тартымды 100 киножұлдызы» деген тізімге еніп отыр.

13. «Хоббит: Күтпеген саяхат» және «Хоббит: Смаугтың тақыры» фильмдері бірге түсірілді. Алғашқы фильм 266 күнде бітсе, осы уақытта екіншісінің жартысы дайын болып үлгерген.

"Хоббит: Смаугтың тақыры" фильмінің трейлері:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/MSKSkQlIcgM","width":"450","height":"350"});

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:woman.ru,kinomania.ru,art.gazeta.kz