Ғылыми-фантастикалық романдар негізінде түсірілген голливуд фильмдері кез келген адамға ұнай қоймаса да, әр эпизодтағы ерекше әсері әркімнің де назарына ілігері анық. Бүгін біз Дж. Р. Р. Толкиннің трилогиясы негізінде экрандалған үшінші фильмнің түсірілу сәттерін ұсынатын боламыз. Айта кетсек, Голливуд режиссері Питер Джексон түсірген фильм өткен айда ғана әлемдік кинопрокаттарға шыққан болатын.
«Хоббит: Бес алыптың шайқасы» фильмі жуырда ғана киноэкрандарда көрсетіле бастағандықтан кейбіреулеріңіз әлі танысып үлгермеген боларсыздар. Ғылыми-фантастикалық романдарды сүйіп оқитын адамдарға кино әсерінің де аз болмасына сенеміз.
Кинокартинаның ерекше әрлерін жасаумен Weta Digital студиясы айналысқан. «Weta» деп Жаңа Зеландияда өмір сүретін үлкен жәндіктерді атайды екен. Айрықша атауға ие болған студияны 1993 жылы Питер Джексонның өзі ашқан болатын. Голливудта белгілі болып үлгерген студия өз жұмысын бастағалы бері бірнеше фильмдердің жобасы аясында тер төккен. Атап айтқанда «Сақиналар әміршісі» (Властелин колец) трилогиясы, «Кинг Конг» ремейкі, «Байланыс» (Контакт), «Район №9», «Аватар», «Болат адам» (Человек из стали) т.с.с.
«Хоббит» фильмінің үшінші бөлімін түсіру кезінде студияның бағдарламашыларының Смауг айдаһарының әр түрлі нысандарды құлату сәттерін шынайы етіп көрсету үшін 350 000 қатар код жазуларына тұра келді. Олар үлкен шайқас кезінде мыңдаған әскерлермен қамтамасыз ететін Massive бағдарламасын да дамытқан. Айта кетсек, аталған бағдарлама «Сақиналар әміршісі» фильмінде де кеңінен қолданылған болатын.
Виртуалды кейіпкерлер тағы да шындыққа жақын көріне бастады. Оған Weta Digital арнайы рендеринг негізіндегі жүйесін қолданған. Бұрын фильмдегі кейіпкерлер қаңқа анимациясы негізінде көмкерілген болса, енді виртуалды қаңқаның бұлшықеттеріне шейін көрсете алатын жүйелер қарастырылыпты.
Әрине Sci-Fi жанрындағы фильмдерде әр түрлі әсерлерден бөлек, кейіпкерлерді сомдайтын актерлердің де тәжірибелі болуы өте маңызды. Расында бұл фильмдегі актерлерді Питер Джексон өз межесінде жинай алған.
Сурет: www.kinomania.ru
Оқи отырыңыз:
Шын мәнінде киноны қалай түсіреді?
"G.I. Joe: Әбжыланның шабуылы 3" фильмінің режиссері анықталды
"Перизаттар: құбыжық туралы аңыз" анимациялық фильмі көруге тұрарлық па?