Өткен айда Lifetime телеарнасы Гарри мен Меган: Ақсүйектер махаббат оқиғасы (Harry Meghan: The Royal Love Story) аталатын фильм түсірілімі болатынын хабарлады. Әлі заңды түрде некеге тұрып үлгермеген ғашықтар рөліне кастинг өткізілді. Картина сюжетінде олардың алғашқы кездесуі, атастырылғанға дейінгі өмірі қамтылады. Фильмнің премьерасы қашан болатыны белгісіз, десе де той алдында көрсетіледі деген болжам бар. Сонымен, ақсүйектер қатарына енді ғана қосылған Меганның рөлін Париса Фитц-Хенли (Джессика Джонс, Люк Кейдж), ал ханзада образын Мюррей Фрейзер (Озеро) алып шықпақ. Түр-әлпеттері шын кейіпкерлерге өте ұқсас екені күмәнсіз. Дегенмен, жұптың жанашырлары олардың сезімін әдемі жеткізе білсе дейді. Естеріңізде болса, ханзада Гарри мен актриса Меган Маркл католиктік рождество алдында, яғни, желтоқсан айының аяғында үйленетіндерін ресми түрде хабарлады. Бұл ақпарат Ұлыбритания патшалық отбасының твиттер желісіндегі парақшасында пайда болды. Той 2018 жылдың көктемінде өтеді. Патшалық баспасөз қызметі жастардың тойға дейін Кенсингтон сарайында тұратынын хабарлады.Екі жастың бас қосуына қыздың ата-анасы мен ханзаданың әжесіII Елизаветакелісімдерін берген. 36 жастағы актриса Меган Марклмен33 жасар ханзада Гарриөткен жылдың аяғында осы ақпаратты ресми хабарлау үшін журналистермен кездесті. Бұл шараға патшалық отбасының жаңа өкілі нағыз ақсүйектерше ұстамды болса, жоғары талғамды киімде шықты. Меган киген элегантты Line the Label брендінің ақ пальтосы,Parosh миди-көйлегі мен Aquazzura аяқ киімі де сән сыншыларының көңілінен шықты. Бірақ, көпшіліктің көзі қалыңдықтың саусағындағы бриллиант жүзікте болды. Гарридің жалғыз ағасы Уильям мен жеңгесі Кэйт олар үшін бақытты екенін айтып, Меган патшалық отбасы мүшелерін тәнті еткенін айтты.Журналистермен болған кездесуде түсірілген суреттермен қоса, британиялық арналардың бірінде жас жұбайлар теле сұхбат берді.