Серік АпрымовтыңӘкеге қоңырау шалуфильмі XI ХалықаралықШығысБатыс. Классика мен Авангардкинофестивалінің бағдарламасында таныстырылды. Кинокөрсетілім Ресейдің Оренбург қаласында өтіп жатыр және 30 тамызға дейін жалғасады. Қазақстандық фильм әлемнің түкпір-түкпіріндегі картиналар таныстырылатын халықаралық байқау бөліміне енді. Бельгия, Германия, Қытай, Польша, Ресей және Словения елдерінен келген 10 жұмыс бәсекелес болмақ. Әкеге қоңырау шалу таспасы қаладан шалғай жерде орналасқан ауылда тұратын бала Еркен жайлы баяндайды. Балақай басқа балалардан өзгерек, ол шынайы өмірді қияли әлеммен шатастырады. Еркен мектепке баратын жасқа жеткен, дәрігерлер оны арнайы интернатқа беруді ұсынады. ШығысБатыс. Классика мен Авангард2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Фестивальдің 10 жылдық тарихында оған әлемнің 50 елінен келген кинематографшылар қатысты, мыңнан астам шетелдік және ресейлік фильмдер көрсетілді. Жыл сайын көрсетілім жеңімпаздарынаАлтын Сармат арыстанымарапаты табысталады. Еске сала кетсек,Әкеге қоңырау шалуалдыңғы жолыФаджр (Иран)жәнеАлтын өрік (Армения) фестивалінде, сондай-ақXL Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде (Ресей) таныстырылған болатын. www.brod.kz