1 тамыз күні, яғни бүгін,сағат 16:00-деАлматы қаласындағыАрман кинотеатрындаҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойыншаШәкен Айманов атындағы Қазақфильм АҚ-ның Дебют шығармашылық бірлестігітүсіргенқысқаметражды фильмдердің арнайы көрсетіліміөтеді. 2017 жылы өндіріске жіберілген фильмдер, олардың қатарында:Асан (режиссері Берік Жаханов), Шырғалаң /Джут(режиссері Жандос Еспенбетов), Соңғы мұғалім /Терпимость(режиссері Ален Рахметалиев), Өзгеріс /Тюбетейка(режиссері Арман Баймұратов), Прятки/Тығылмақ(режиссеріВенера Қайыржанова)картиналары көрсетіледі. Көрсетілімнен кейін баспасөз отырысы өтеді.Ш.Айманов атындағы Қазақфильм АҚ эксперттік кеңесінің тең төрағасы Бекболат Шекеров, Дебют шығармашылық-өндірістік бірлестігінің басшысы Анар Қашағанова, аталған бірлестіктің көркемдік жетекшісі Дәрежан Өмірбаев және де фильмдердің режиссерлері қатысатын баспасөз отырысында үстіміздегі жылы көктемде өткенқысқаметражды фильмдер сценарийлер байқауының жеңімпаздары жарияланатынболады.