Өрмекші адам: Үйге жол жоқ фильмі Голливудта 2021 жылдың ең көп табыс тапқан фильмі атанды. Бұл туралы Variety басылымы хабарлады.
Фильмнің басты кейіпкері Питер Паркерді актер Том Холланд сомдайды, ал режиссері Джон Уоттс. 10 күн бұрын ғана үлкен экранға шыққан фильм қысқа мерзімде 813 миллион доллар жинап, тыңшы 007 Джеймс Бонд туралы 25-ші фильм – "007: Өлетін уақыт емес-ті" басып озды. Бондтың шытырман оқиғалары туралы кезекті фильмі 774 миллион доллар табыс әкелген.
"Өрмекші-адамның" жаңа бөлімі Америка Құрама Штаттарынан тыс жерде 457 миллион доллар табыс тапқан. Sony мен Marvel компанияларының бұл фильмі Қытайда үлкен экрандарға шықпағанымен, ол пандемия кезінде ең көп табыс әкелген фильм болды.
Әлемде екі фильм ғана Өрмекші адамнан көп ақша тапқан. Бұл қытайлық фильмдер – "Чанцзин көліндегі шайқас" және "Сәлем, ана". Олардың бірі 902 миллион доллар, екіншісі 882 миллион доллар жинаған. Бірақ Джон Уоттс фильмінің алдағы демалыс күндері бұл кинокартиналарды басып озатыны болжанған.