"Голливуд" аталатын жаңа тарихи драмасын белгілі режиссер Райан Мерфи аталған кино саласының храмы гүлденіп тұрған алтын ғасырға арнаған (1940-шы жылдар). Картинаның басты кейіпкері ретінде ол өзінің сүйікті актрисасы Вивьен Ли образын алған. Аңыз тұлғаның рөлін Кэти Макгиннесс сомдайды.
Vanity Fair басылымына берген сұхбатында Мерфи "Желмен ғайып болғандар" фильмінің жұлдызы туралы деректі фильм түсіру туралы армандайтынын айтқан. Фильмді Вивьеннің өмірі, махаббаты мен қайталанбас стиліне арнамақ. Мерфи деректі фильм түсірілімі үшін Николь Кидманмен келісім шартқа отырмақ. Николь де Вивьен Лидің талантына тәнті.
"Біз сүйікті актерлерімізді олар сомдайтын кейіпкерлер призмасынан көруді әдетке айналдырғанбыз. Вивьенді көпшілік Скарлетт О'Хара немесе Бланш Дюбуа образы арқылы қабылдайды. Бірақ, өз заманының ең көрікті әрі талантты актрисасы экраннан тыс өмірде көркемсурет топтастырушы, меценат, кітапқұмар екенін, оның нағыз литератор, суретші, эстеттермен тең дәрежеде әңгіме айта алатын тұлға болғанын көрермен біле бермейді",– дейді режиссер.