Біздің аталарымыз, әкелеріміз "Гауһар қол" ("Бриллиантовая рука") фильмін жатқа біледі. Қазіргі буын арасында да осы фильмді сүйсіне көретіндер жетерлік. Сіз ше? "Гауһар қолды" ұнаттыңыз ба? Ендеше, фильм туралы оқи отырыңыз.
Авторға фильм туралы идея «Правда» газетінде жарық көрген А.Сахнинның контрабандашылар туралы мақалалар жинағынан кейін келген екен. Ескертпелердің бірінде құнды заттарды гипспен жеткізу амалы айтылады. Сценарий бойынша, фильм сюжеті былай болу керек: Семен Семенұлы Павлик (кейіннен Тимошкин болады, фильмнің шығуына қарай Горбунков деп ауыстырылады) есімді қарапайым кеңестік адам шетелдік турнеге аттанып, контрабандалық қулық-сұмдыққа тап болады. Фильм сценарийіне өте көп сын айтылған, бірнеше кейіпкерді ауыстыру туралы ұсыныстар да көп болған екен.
Горбунковтың рөлі Никулин үшін жазылған. «Союзциркте» Никулинге еңбек демалысы беріледі, мұндай жеңілдік бұрын-соңды ешкімге берілмеген.
«Шетелдегі» бөлімдер Әзірбайжанда түсірілген, ал Горбунковтың қаласы ретінде Сочи алынған.
Бастапқыда фильм «Контрабандашылар» деп аталуы керек еді. Соңы да әлдеқайда лирикалық болып шығуы тиіс болған: Подъезден Горбунковтың отбасы шығады, Семен Семенұлының екі қолы да гипсте, бірақ сондай бақытты. Балалары алдыңғы шепке шығады, ал Надежда күйеуінің қолынан ұстайды да, қызарған қалпында жай ғана: «Сеня, менің саған айтатыным бар еді... Біздің баламыз болады!» дейді...
Режиссерлік сценарийде мас қалпындағы Семенді оятар ұстаған әйелі емес, мойынға түскен картина оятуы керек болатын. Оятарды пайдалану туралы идея сәтсіз дубльдардан кейін пайда болған. Қандай дейсіз бе? Картина Никулиннің мойнына «әдемі» ілінбейді.
«Қояндар туралы ән» алғашқы киносынамаларда параходта орындалған еді. Тек фильм шығар уақытта ғана оны «Сәтсіздік аралы» әніне ауыстырып жібереді.
Мироновтың қармақты аламын деп иілген баланың артынан тебетін кезі есіңізде ме? Міне, сол рөлді сомдаған Никулиннің туған ұлы екен. Осы көріністі түсіру өте қиынға соққан. Бала Мироновтың аяғы тимес бұрын суға құлап кете береді. Амалы қалмаған Гайдай Мироновтың ештеңе жасамастан жай ғана өте шығатынына уәде береді. Тыныштанған бала қармақты ұстай бергенде режиссер Мироновқа белгі береді. Дубль сәтті шыққанымен, бала режиссерге қатты ренжиді.
Сәтті шыққаны соншалықты, баланың «Құтқарыңдар! Көмектесіңдер! Мамаааа!» деп айқайлаған дауысына шынайы құтқарушылар жетіп келген екен.
«Қорқыныштар толқыны» әнін Светлана Светличная емес, Аида Ведищева орындап шығады. Светлана осы үшін Гайдайға қатты ренжиді. Фильмде оның дауысы да естілмейді, оның рөлін Зоя Толбузина дыбыстады. Светлананың өз дауысымен айтқан бір ғана сөзі бар: «Мен кінәлі емеспін!»
Гайдайдың барлық фильміне ән жазған – композитор Александр Зацепин. «Жолы болмағандар аралы» көркемдік кеңеске ұнамағандықтан, қоқысқа тастап жібергілері келеді. Алайда, Мироновтың орындауындағы ән Гайдайға ұнайды да, міндетті түрде қосуын талап етеді.
Дәріхана жанында құлайтын көрініс те оңайға соқпады. Миронов алғашқы дубльден-ақ сәтті жасап шықса, Никулин «әдемі» құлай алмайды. Алғашқыда банан қабығы қойылса, кейіннен қарбыз қабығына ауыстырылады. Екеуі де көмектесе алмаған соң, Никулинді Леонид Каневский алмастырады. Бұл сюжет Бакуде түсірілген.
Режиссер Гайдайға үй басқарушысының рөліне үміткер болғандардың ішінде Нонна Мордюкова мүлде ұнамаған. Актриса Андрей Мироновпен де тіл табыса алмаған. Миронов та жылы қабақ танытпайды. Түсірілім уақытында Миронов екеуі керісіп қала берген деседі.
Су астындағы көріністер дублерлердің және макеттің көмегімен түсіріледі. Себебі, ол кезде су астында түсіретін аппараттар болмаған.
Горбунковтың ұлының Мироновқа балмұздақ лақтыратын эпиозодында сүзбе пайдаланылған. Және оны лақтырған режиссер ассистенті екен. Тәрбиелі кеңес баласына бейтаныс актерға сүзбе лақтыру қиынға соққан.
Ең күлкілі эпизодтардың бірінде, яғни, ірі денелі жігіттің: «Әкей, шегуге темекі бар ма?» деп сұрайтын сәті Мәскеудегі Ленин даңғылындағы жерасты өткелінде түсірілген. Жігіттің рөлін сол кездегі «Смена» газетінің тілшісі Л. Плешаков ойнаған екен. Ол бұл рөлге сол кезде атағы шыққан Никулинмен сұхбат үшін ғана келіседі. Осы қысқа эпизодтың өзі 4 сағат бойы түсірілген.
Теплоход Гайдайдың басшылығымен «Михаил Светлов» деп аталады. Бұл идея режиссердің ақынның шығармашылығына деген махаббатынан туған. Портқа «Жеңіс» атты теплоход келгенде Гайдай осы атауды ілу үшін капитанмен ұзақ сөйлеседі. Ақыры келісімін алып, теплоходтағы көріністер бір күнде түсіріліп бітеді. Кейіннен теңіз флотының бастығы жаңа теплоходқа ақынның есімін береді.
Түсірілім кезінде Никулиннің қаза болғаны туралы алып-қашпа әңгімелер тарай бастайды. Шын мәнінде, «Көкжиек» қонақ үйінің қызметкері жертөледен жаймамен жабылған Никулиннің денесін көреді. Қатты қорыққан әйел анықтап қарамастан қауесетті таратып жібереді. Шын мәнінде, бұл Горбунковтың тікұшақтан құлайтын эпизоды үшін жасалған нақпішін (муляж) болатын.
Фильмді түсіру барысында өте көп декорация қолданылады: Агой ауылына құм аралы жасалады. Балық аулау кезінде Лелик (Папанов) «Ақымақ!» дегенді айтып қалады. Бұл сөз Гешаға емес, түсірілім тобына бағытталған. Себебі, су мұз секілді суық болған.
Фильмде Горбунковтың әйелі күйеуіне: «Сен сондай сенгіш адамсың» деген сөзді жиі айтады. Сценарий бойынша мұндай сөз мүлде жоқ. Нина Гребешкова шынайы өмірде осы сөзді күйеуіне жиі айтады екен. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген осы шығар.
Полиция қызметкерлерінің ән салған масты әкететін эпизодын Гайдайдың өзі дыбыстаған.
Фильмнің соңында кранның Никулинді ЗИС-110 автокөлігімен түсіретін сәті есіңізде ме? Сондағы Никулинның басын ұрып алатын сәті сценарийде жоқ болған. Актер абайсызда осындай жағдайға ұрынған соң фильмге еніп кетеді.
Осы соңғы эпизодта Никулинді кранның сарғыш бағыты көтереді де, көлікті жасыл бағыты түсіреді.
Алғашқы бөлімнің соңында ТО станциясында Папанов пен Миронов Никулинді шолу шұңқырында екі жағынан қысады, оның ешқандай амалы жоқ еді. Ал екінші бөлім Никулиннің шұңқырда емес кезінен басталады.
Козодев Никулинді талдыртып тастамақ болғанда сөмкесінен ақ тас алады, бірақ сұр таспен әрекет жасайды.
«Гауһар қол» прокатқа 1969 жылдың маусымында шығып, Гайдайға үлкен табыс, атақ әкелді. Оны 76 миллион 700 мың адам көрген.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/1h7TjjeYEKM","width":"425","height":"350"});
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: ruskino.ru, kinoplay.com.ua
Оқи отырыңыз:
"Шоушенктен қашу"
"Жасыл миля"
"Сақиналар әміршісі"