«Ел арна» телеарнасы Алматы мен Астанада жаңа «Ғашық жүрек» телетоптамасының бірінші сериясының көрсетілімін өткізді. Шығармашылық команда көрермендермен бұл жобаның ерекшеліктерімен, ал топтаманың актерлері өз пікірлерімен бөлісті.
Таныстырылым кешіне продюсер Баян Есентаева, бас режиссер Асқар Ұзабаев, сценарий автор Данияр Күмісбаев, бас оператор Азамат Дулатов, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова, актерлер Берік Айтжанов, Салтанат Қалиева, Ақерке Сүлейменова, Жанаргүл Нұғманова, және де «Ел арна» телеарнасының директоры Айгүл Мүкей қатысты.
Айта кетерлігі, телесериал 25 сериялы. Осы уақытқа дейін оның 23 сериясы түсіріліп бітті. Көрерменге 15 қазанда жол тартатын фильмнің эпизодтарында белгілі шоумен Слава Неруш бар. Көрсетілімде «Дара» және «Вота» қайырымдылық қорлары қатысқан екен.
Ал продюсер Баян Есентаева мен режиссер Асқар Ұзабаевтың айтуынша, бұл жоба – кинотоптама. Өйткені оның ішінде көркем фильм көп – жарық, актерлер ойыны, музыка...
Кинотоптамада балалар үйіндегі кішкентай дарынды қыздың өмірі жайында баяндалады. Ол «Ғашық жүрек» фильмін көргеннен кейін, балалар үйінің тәрбиеленушілері де жұлдыз бола алатынына сенімді болады. Жетім қыздың оқиғасы – ол әлеуметтік мәселелердің баяндалуы, ол кейбір тәрбиешілердің зорлық-зомбылықтары, ол рухтың жырлауы мен өмірдегі талаптар жайында болмақ.
Топтама 2010 және 2011 жылдары 3 миллионнан артық жинаған қазақстандық «Ғашық жүрек» және «Ғашық жүрек-2», кассалық фильмдерінің өзіндік приквелі дейді ұйымдастырушылар.
Айгүл Мүкей, «Ел арна» телеарнасының директоры:
- Біз тек қана сапалы өнімді ұсынып жатқан жоқпыз, бірақ ең бірінші барлығымыз бірге көңілімізді өмірдегі өткір мәселеге аударғымыз келді – ол балалар үйінде қалдырылған балалар, олардың ауыр тағдырлары мен шыңдалған мінездері...
Дайындаған және суреттерді түсірген: Ардақ Құлтай