12 сәуір – ғарышкерлер күні. Алдағы демалыс күндері тынығып әрі ойлау көкжиегін кеңейту мақсатында адамзат баласының жасаған ерлігін бейнелейтін және ғарыш әлемінен сыр шертетін фильмдер топтамасын ұсынамыз.
Жасырын бейнелер/Скрытые фигуры / Hidden Figures (2016)
Алғашқы америкалық азаматтың Айға сапарын бейнелейтін фильмдер жеткілікті. Әр түрлі көркем туындылар, деректі фильмдер мен қысқа видеороликтер де бар. Дегенмен, «Жасырын бейнелер» фильмі NASA тарихындағы сыртқа белгісіз оқиғаларды көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, үш афроамерикандық әйелдің тынымсыз еңбегі мен олардың ойлау жүйрікті жайында сөз қозғалады. Олар тек адамзаттың Айға сапарына себепші болып қана қоймай, АҚШ-тағы нәсілдік жіктеуге қарсылық көрсетудің басты себепкерлері болған.
Аполлон-13 / Apollo 13 (1995)
«Хьюстон, бізде төтенше жағдай». Бұл тіркесті бәрі жақсы біледі, бірақ, бұл Рон Ховардтың «Аполлон-13» фильміндегі бір тіркестің репликасы екенін көп ешкім біле бермейді. Фильм NASA тарихындағы қайғылы оқиға негізінде түсірілген. 1970-жылы Айға аттанған үшінші америкалықтың кемесінде үлкен апат болады – оттегі модулі жарылады. Режиссер драма бағытындағы фильмде адамның мінсіз еместігін және қателікке бой алдыру қалыпты екенін көрсетеді. Соған қарамастан, өзгенің игіліктері үшін басын қауіпке тігіп, өзін құрбан ететіндер бар. «Аполлон-13» сол жайында болмақ.
2001 жыл: Ғарыш одиссеясы / 2001 год: Космическая одиссея / 2001: A Space Odyssey (1968)
Стэнли Кубриктің үздік туындысын «ғарыш кеңістігі жайлы» фильмдер топтамасына қоспасқа болмайды. Фильмнің оқиға желісі былайша өрбиді: «Дискавери» ғарыш кемесі кеңістік жайында сұрақтарға жауап табу үшін Юпитерге аттанады. Біраз уақыттан соң, кемедегі «үздік» компьютер HAL 9000 істен шығады. Қиындықпен күресуді кеме капитаны Дэйв Боуман өз қолына алады. Фильмді қарау үшін тек логика ғана емес, сол жердегі кейіпкерлердің сезімін сезе білу қажет.
Әлемнен жырақта / Отрезанные от мира / Marooned (1969)
Бұл фильм 1969 жылдың мамыр айында «АҚШ пен КСРО арасындағы ғарыш жарысы» атты атаумен дайын болатын. Бірақ, тұсаукесері 10 қарашада өтті. Оның барлығы Жер серігіне алғашқы американдық сәтті қонғаннан кейін болды. Фильмде ғарыштағы қайғылы оқиғаны көрсетеді. Сатылымда жолы болмағанына қарамастан, фильм бұл бағыт бойынша атақты болып қала береді. Оның үстіне, «Аполлон-13» кемесінің апаты фильм тұсаукесерінен соң араға 5 ай салып болады. Кейін бұл фильм соған болжам жасағандай көрінеді.
Нағыз азаматтар / Парни что надо / The Right Stuff (1983)
Америкалық публицист Том Вулф фильмнің әдеби негізін жаза отырып, сандар мен деректерді әдеби туындығы айналдыруымен ерекше көзге түседі. Роман негізінде фильм түсірген Филип Кауфман да жазушының қағидасын ұстанады. Үш сағатқа созылатын фильм америкалық астронавтиканың ең маңызды оқиғаларына тоқталады – дыбыс кедергілерін жоюдан бастап адамзат баласының Айдағы алғашқы қадамына дейін суреттейді. Оқиғаны бақылап отырып, ғарыш саласының дамуы үшін жұмыс істеген адамдардың қаншалықты мықты әрі өз мақсаттарына адал екенін аңғаруға болады.
Қазан түні / Октябрьское небо / October Sky (1999)
Ғарыш тарихы – тек адам сенгісіз өндіріс алаңы ғана емес, бұл – қымбат ғарықш бағдарламалары, сатқындық пен сенімсіздік және өзгені басып озуға деген құлшыныс. Одан бөлек, балалардың шындыққа айналған арманы да – тарихтың бір бөлшегі. «Қазан түні» фильмі де NASА инженері Гомер Хикэмнің өмірбаянын баяндайды. Батыс Вирджинияның кеншілер қаласында тұратын қиялы баланың өмірін бақылаймыз: ол жұлдызды аспанды жақсы көреді. Кеңестің «Спутник» жайында естіген Гомер өзінің достарын жинап алып, ашық алаңда ғарыш аймағын құрастыруға шешім қабылдайды.
Еуропа / Европа / Europa Report (2012)
Ғалымдар Юпитердің серігінен «Еуропа» деп аталатын мұздықтарды көріп, өмір сүруге ыңғайлы болуы мүмкін деп болжайды. «Еуропа-1» ғарыш кемесі, зерттеу үшін экспедицияға аталады. Экипаж жолда туындаған қиындыққа байланысты, белгіленген жерден алысқа орналасуға мәжбүр болады. Басында бәрі жақсы болғанымен, бірнеше уақыттан соң олар жарқыраған нәрсені көре бастады.
Бұл – ғарыш жайлы фильмдер топтамасы. Көрген фильмдеріңізді астына белгілеп, әсерлеріңізбен бөлісуді ұмытпаңыздар.