«Таңғажайып мақұлықтар мен олардың мекені» картинасы түсіру тобы жоспарлағаннан да үлкен қошеметке бөленді. 180 миллион долларға түсірілген фильм әлемдік прокатта 812 миллион қаржы жинады. Осындай нәтижеден кейін Warner Bros. компаниясы Гарри Поттер кейіпкерін қайта экранға оралтуды қолға алғалы отыр.
Алдағы уақытта жақында ғана жарыққа шыққан «Гарри Поттер мен қарғыс атқан бала» пьесасының желісі бойынша 3 фильм түсірілетін болады. Олар басты кейіпкерлердің Волан-де-Мортты жеңген соң 20 жылдан кейінгі өмірін сипаттайды.
Жоба авторлары жаңа фильмдерде түпнұсқа бойынша көпшіліктің сүйікті актерлеріне айналған Дэниел Рэдклифф, Руперт Гринт пен Эмма Уотсон түседі деп жоспарлап отыр.