Бәрімізге "Гарри Поттердің" рөлімен танымал Дэниел Рэдклифф "Grand Theft Auto" ойындарының сериясын шығарған, Rockstar Games студиясының негізін салған Сэм Хаузерге арналған британдық телевизиялық фильмде басты рөлді сомдайды.
Сюжет бойынша Хаузер мен Джек Томпсон атты адвокаттың қайшылығы баяндалады. Томпсон ойын негіздеушілерін зорлық-зомбылықты насихаттағаны үшін айыптайды. Жылдарға созылған бұл тартыс 2008 жылы аяқталды. Неге десеңіз, Томпсон адвокатқа тән емес қылық танытқаны үшін лицензиясынан айырылған еді.
Сэм Хаузер бұл ойынды Дэн атты бауырымен бірге жасаған еді. Серияның бірінші бөлімі 1997 жылы таныстырылды. Ол аз уақыттың ішінде жоғары статусқа ие болып, көптеген жүлдені жеңіп алды. Бұл ойынның ерекшелігі – ойыншы өз білгенін жасап, деңгейлер мен миссиялардан өз қалауымен өтеді.
Қазірде серияда 12 ойын бар. Олар әлемге миллионнан астам көшірмесімен тарады. 2013 жылы консольдарға шыққан "Grand Theft Auto V" ойынының ағымдағы жылдың сәуір айында компьютерлерге арналған нұсқасы шықты.
Сурет: nfsbih.net
Ұқсас жазба:
"Фреддидің 5 түні" ойынының негізінде фильм түсіріледі