Турин университетінің Ливио Биольо және Руджеро Пенса есімді ғалымдары кино тарихындағы ең ықпалды 20 фильмді атады.
Рейтинг құру барысында математикалық алгоритм пайдаланылған. Оған сай әр туындыдан алынған қанатты сөздер, аллюзиялар мен өзге де негізгі ерекшеліктер анықталады. Негізге IMDb сайтындағы ақпарат алынған. 47 фильм ішінен ең ықпалды 20-сы ғалымдар алгоритмі бойынша белгіленді.
Бір қызығы, үздіктердің барлығы ХХ ғасырда түсірілген екен.
1. "Оз елінің сиқыршысы", режиссер Виктор Флеминг, 1939
2. "Жұлдызды соғыстар", режиссер Джордж Лукас, 1977
3. "Психо", режиссер Альфред Хичкок, 1960
4. "Кинг-Конг", режиссер Мериан Купер, 1933
5. "2001 жылдың ғарыштық одиссеясы", режиссер Стенли Кубрик, 1968
6. "Метрополис", режиссер Фриц Ланг, 1927
7. "Азамат Кейн", режиссер Орсон Уэллс, 1941
8. "Ұлттың пайда болуы", режиссер Дэвид Гриффит, 1915
9. "Франкенштейн", режиссер Джеймс Уэйл, 1931
10. "Ақшақар мен жеті ергежейлі", режиссер Дэвид Хэнд, 1937
11. "Касабланка", Майкл Кёртис, 1942
12. "Дракула", режиссер Тод Броунинг, 1931
13. "Кіндік әке", режиссер Фрэнсис Форд Коппола, 1972
14. "Жақтар", режиссер Стивен Спилберг, 1975
15. "Носферату. Қорқыныш симфониясы", режиссер Фридрих Вильгельм Мурнау, 1922
16. "Іздеушілер", режиссер Джон Форд, 1956
17. "Кабирия", режиссер Джованни Пастроне, 1914
18. "Доктор Стрейнджлав...", режиссер Стэнли Кубрик, 1964
19. "Желмен ғайып болғандар", режиссер Виктор Флеминг, 1939
20. "Сауыт киген Потемкин", режиссер Сергей Эйзенштейн, 1925