"Ғаламтордағы махаббат" алғашқы демалыста 20 миллион теңге жинады

"Ғаламтордағы махаббат" алғашқы демалыста 20 миллион теңге жинады

Әмір Қарақұловтың "Ғаламтордағы махаббат" фильмі прокаттағы алғашқы аптасында 20 миллион теңге жинады.

Естеріңізге сала кетелік, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының туындысы қазақстандық прокатқа 22 қарашада шыққан болатын. Фильм сюжеті бойынша түрі-әлпеті келіскен тәкаппарлау Эли өзіне көңіл білдіріп жүрген әріптесін елемей, интернетте танысқан жігітке ғашық болады. Түптің түбінде ғаламтордағы сұхбаттасының өз әріптесі екендігі белгілі болады. Басты рөлдерді Бибігүл Ақтан және Артур Смольянинов сомдайды.

Фильм режисері Әмір Қарақұловтың айтуынша, киноның түпкі идеясы интернеттегі өмірді картинаға түсіру туралы ойдан бастау алады. "Қазіргі кезде адамдар уакытының өте көп бөлігін интернетте өткізетін болып жүр. Интернет баяғыда-ақ біздің өміріміздің үлкен бөлігіне айналды. Интернет айдынында адамдар танысып жатыр, ғашық болып жатыр. Бәрі де мүмкін. Интернет барлық шекараны жойып жіберді", - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетелік, режисер Әмір Қарақұловтың «Ғаламтордағы махаббат» фильмінің тұсаукесері VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылу кешінде өткен болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Massaget.kz мұрағатынан

Massaget