«Галактика сақшылары» АҚШ прокатында көш бастады

«Галактика сақшылары» – АҚШ-тағы ең көп қаржы жинаған фильм. Қазіргі таңда бұл фильм Америка штаттары аумағындағы прокатқа шыққан уақытынан бері 300 миллион доллар жинаған жалғыз кинотуынды болып отыр.


«Галактика сақшылары» фильмі Американың ең көп қаржы жинаған жобаларының бестігіне еніп, оның ішінде 2014 жылы шыққан кинокартиналардың көшін бастап тұр. Фильмнің премьерасы 31 шілдеде болды. Оған Крис Прэтт (Жұлдызды Лорд), Дейв Батиста (Қиратушы Дракс), Брэдли Купер (Ракета жанат), Зои Салдана (Гамора) және Вин Дизель (Грут) түскен болатын. 

Дайындаған: Айжан Бекболат

Сурет: geekcity.ru, planeta-kino.com.ua

Оқи отырыңыз: 

«Галактика сақшыларындағы» Рокеттің роботы жасалды