- Негізгі бет
- Кино
- «Франкенвини» – бүлдіршінге...
«Франкенвини» – бүлдіршінге арналмаған мультфильм
Тим Бертонның «Франкенвини» мултьфильмі Қазақстан кинотеарларында 11 қазаннан, яғни бүгіннен бастап көрсетіледі. «Франкенвини» – 12-ден жоғары жастағы Мэри Шелли тарихының анимациялық нұсқасы.
Сюжеттік желісі өткен ғасырдың 70 жылдарын көрсететін мультфильм тап-таза қиялдан туған Нью-Холланд деген қалада басталады. Ұзынқұлақтан естуімізше, бұл қала автордың өз қаласына, яғни Бербанк қаласына келіңкірейді. Қаланың ерекшелігі – ондағы ауа райы, тек қана жаңбыр жауып, күн күркірейді де тұрады. Қаланың ең қарапайым деген отбасы да осында тұрады. Франкенштейндер отбасы... Көрші үйде тұл жетім Элиза Ван Хелсин тұрады. Оның сымбаты келіскен ұрғашы пудель күшігі бар.
Франкенштейндер отбасында Виктор есімді бала кинематографиямен айналысқанды ұнатады. Тағы бір қызығы, оның ешқандай да досы жоқ, әрине, Спарки есімді адал досы, итінен басқа...
Спарки байғұсты күндердің бірінде көлік қағып, мерт болады. Міне, осы жерден бастап, ересектерге арналған қорқынышты мультфильмнің «өлім» мен «өмір» тартысы деген бітпейтін мотиві қозады. Тим Бертонның «Бэтмен», «Қалыңдық трупасы» секілді қара-ала дүниесінің стиліндегі тағы бір дүние туады ғой, шіркін...
Қорқынышты мультфильмнің шығу тарихы да «қорқынышты». 1984 жылы Бертонның туындысын балаларға көрсетуге болмайды деп ұрандаған Диснейліктер қаржылай дағдарысқа ұшыратқаны үшін дарынды мультипликаторды жұмыстан қуып шығады. Ал 23 жылдан соң сол Дисней студиясы Бертонды болар да болмай шақыртып алған. Дыбыстауға да дәл сол 30 жыл бұрынғы актерлерді шақырғаны да таңдайды қақтырады.
«Франкенвини» адамзаттың тарапынан өз орнын ойып тұрып алып та үлгерді. Мұнымен қоса, соңғы 7 жылдағы «ең өнертапқыш мультфильм» деген де атақ берілді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: prestonspeaks.com
А. Құлтай