- Негізгі бет
- Кино
- "Форсаж 7" фильмінің...
"Форсаж 7" фильмінің премьерасы рекордтық көрсеткішке ие болды
Көптің күтіп жүрген "Форсаж 7" фильмі прокатқа шыққан бойда 143,6 миллион АҚШ долларын жинады. Аналитиктердің батыл болжамынан асып түскен бұл көрсеткіш қазірше рекорд орнатып отыр.
Бұл – сәуір айы мен демалыс күндерінің ең үздік нәтижесі. Рейтингте фильм 9-орынға көтеріліп, кинематограф тарихында премьераның қаржы жиналымы бойынша үлкен көрсеткішке ие болды.
Алғашқы демалыс күндеріндегі қаржы жиналымы 384 миллион долларды құрайды. "Форсаж 7" фильмі 63 елдің ұлттық прокатында бірінші орында келді.
Фильм Мексикада 20,8 миллион доллар, Ұлыбританияда 19 миллион болса, Германияда 15,2 миллион доллар қаржы жинады. Ресей мен Қытай секілді үлкен елдерде бұл фильмнің көрсетілімі әлі басталмағанын айта кету керек.
Сәуір рекордының бұған дейінгі иеленушісі "Бірінші кек алушы 2: басқа шайқас" фильмі еді. Бұл көрсеткіштен "Форсаж 7" фильмі 50 миллион доллармен асып түсті.
Екінші орынды 27,4 миллион доллар жинаған "Үй" фильмі, үшінші орынды 12,9 миллион долллар жинаған "Мықты бол!" фильмі иеленді.
Біздің елімізде "Форсаж 7" фильмінің көрсетілімі 9 сәуірде басталатынын естеріңізге сала кетейік.
Сурет: kinonews.ru
Ұқсас жазба:
Ф. Абилова