"Форсаж 7" фильмі әлемдік прокатта бірінші орынды иеленді. Фильм Америкада 252 миллион доллар, ал әлемде 548 миллион доллар қаржы жинады. Яғни, фильмнің шығуына 10 күн өтпестен 800 миллион доллардан астам қаржы жиналған.
Аталған туынды бұл көрсеткіш арқылы әлемдік кинонарықта жетекші орынын сақтап қалды. Естеріңізге сала кетсек, "Форсаж 7" фильмі Қытайда алғашқы күнде-ақ 68,6 миллион доллар табысқа кенелген болатын.
Бұған қарағанда фильм 1 миллиар доллар қаржыға дейін жинай алатын жағдайда деген болжам жасауға болады. Сонымен қатар танымал франшизаның жетінші бөлімі ең сәтті әрі табысты деп саналады.
Фильмдегі басты рөлді сомдаған марқұм Пол Уокердің өлімі фильмнің соншалықты қаржы жинауына өзінше әсер етсе керек.
Табысты фильмдердің тізімінде екінші орында "Үй" атты анимациялық фильмі тұрса, үшінші орын "Алыс жол" драмасына бұйырды.
Ал сіз "Форсаж 7" фильмін көріп үлгердіңіз бе?
Сурет: folomojo.com
Ұқсас жазба:
"Форсаж 7" фильмінің премьерасы рекордтық көрсеткішке ие болды