- Негізгі бет
- Кино
- "Форрест Гамп" фильміндегі...
"Форрест Гамп" фильміндегі 7 үздік cөз
Форрест Гамптың жан тебірентерлік тарихы тек америкалықтардың емес, күллі әлемнің көңілінен шықты. Оның қолынан бәрі де келді: өмірге дағдылану, сұлу қызға ғашық болу, миллиондаған ақша табу. Сондықтан, оның үлгі аларлық тұстары жетерлік. Бүгін назарларыңызға "Форрест Гамп" фильмінен алынған 7 үздік сөзді ұсынамыз.
1. Менің анам әрдайым "өлім - өмірдің бір бөлігі ғана" деп айтушы еді.
2. Заман жаман болмайды, адам жаман болады.
3. Мен өте ақылды адам емеспін, бірақ махаббаттың не екенін білемін.
4. Басқаларға "сенен мықтымын" деп айтқызбаңыз.
5. Менің анам адамға тек азғантай ақша керек деуші еді, ал көп ақшаға талпыну жай мадақсүйгіштік.
6. Өмір кәдімгі кәмпиттің қорабы сияқты. Ішінде тәттінің қандай түрі бар екенін білу қиын.
7. Болашаққа нық қадам басу үшін өткеніңізге қайта оралмауыңыз керек.
Ж. Исакаев