- Негізгі бет
- Кино
- «Евразия» кинофестиваліне Голливуд...
«Евразия» кинофестиваліне Голливуд жұлдыздары келеді
Астанада шілденің 22-28 аралығында өтететін XIII Халықаралық «Евразия» кинофестиваліне арналған баспасөз маслихаты өтті.
«Евразия» — Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классының фестивальдерімен тең дәрежеде продюсерлік қауымдастықтың Халықаралық одағында (FIAPF) тіркелген, Орта Азиядағы орасан зор кинофорум», — деді ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің мәдениет және өнер бөлімінің директоры Алмаз Нұразхан. «Биылғы кинофестивальдің атауы «Мәдениеттер байланысы», ол «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің тұжырымдамасымен өзара үндес».
Ағымдағы жылы «Евразия» кинофестивалі 2016-2017 жылдары жарық көрген әлемдік фильмдердің кең ауқымды көрсетілімін ұсынады. Конкурстық және конкурстан тыс секцияларға толықметражды және қысқамеражды картиналар, авторлық және жанрлық кино кіреді. Осы жылы бағдарламада көрсетілетін фильмдер саны жағынан ең жоғары көрсеткіш берді — 296, оның 101-і «Евразияның» негізгі конкурсында көрсетіледі, сонымен қоса толықмераждың негізгі конкурсында 12 фильм, ал қысқаметраждың конкурсында — 30 картина ұсынылады. Барлығы, толықметр және қысқаметр конкурсында 14 әлемдік, 2 халықаралық, 11 азиялық тұсаукесер болады. «Евразия» кинофестивалінің конкурсына шамамен 1 мыңнан астам өтінім келді, олар кинофестивальдің веб-сайты арқылы қабылданды.
Барлық конкурстық бағдарламаны төрт адамнан тұратын қазылар алқасы құрамы бағалайды: негізгі қазылар алқасы, қысқаметр қазылар алқасы және екі тәуелсіз қазылар алқасының мүшесі — FIPRESCI (киносыншылар мен кинотанушылардың халықаралық ұйымы) және NETPAC (Азия киносын дамыту қауымдастығы).
Кинофестивальдің қазылар алқасының құрамына атақты кинематографистер кірді. Брифингте оларды қазақстандық режиссер және драматург Талғат Теменов таныстырды. Сонымен, негізгі конкурстың қазылар алқасын бұл жылы кинотанушы және мәдениеттанушы, Мәскеу халықаралық кинофестивалінің бағдарлама директоры Кирилл Разлогов басқарады. Фильмдерге баға беретін қазылар алқасының құрамында «Красный угол», «Анна и король», «Счастливчик Эдмонд» фильмдерімен танымал голливудтық «жұлдыз» Бай Лин, алдыңғы жылы «Чужой дом» картинасымен «Евразия» Бас жүлдесінің иегері атанған Грузияның режиссері және сценарисі Русудан Глурджидзе, 2015 жылы «Евразия» ХКФ-інде «Набат» фильмінің арқасында «Үздік режиссерлік жұмыс» жүлдесін қанжығасына байлаған әзірбайжандық режиссер Эльчин Мусаоглу және Канн кинофестивалінің лауреаты, аңыз-адам Малилік Сүлейман Сиссе .
Бағдарламаға қатысты сөз қозғайтын болсақ, ұйымдастырушылар көрермендер үшін өте көп қызық дайындады. «Евразия» кинофорумының аясында «Бес құрылық» балалар фильмдерінің конкурсы, сонымен қоса, Экспомен бірігіп ұйымдастырылған дамушы елдер бағдарламасы «6 плаза» өтеді,- деп мәлімдеді «Евразия» ХКФ-нің бағдарлама директоры Елена Ларионова, — Сонымен қатар, кинематоргафия саласындағы Ұлттық «Тұлпар» жүлдесін табыстау үшін Қазақстан, Орталық Азия және түркітілдес халықтар фильмдерінің көрсетілімдері болады.
Көрермендерді ашылуы мен жабылуында әлемдік тұсаукесерлер күтеді. «Евразияны» ағымдағы жылы Биджукумар Дамодаранның «Звук тишины» («Sound of Silence», Индия, 2017) фильмі ашады. Люк Бессонның «Валериан и город тысячи планет» («Valerian and the City of a Thousand Planets», 2017) атты жаңа картинасымен кинофестиваль тәмамдалады. Елена Ларионова атап өткендей, көрсетілімнің таңғажайыбы алғаш рет «Евразия» кинофестивалінің жабылуындағы шетелдік фильм қазақ тіліне дубляждалады.
XIII Халықаралық «Евразия» кинофестивалінің тағы бір ерекшелігі — Eurasia Film Market кино нарығы, кинофестиваль тарихында алғаш рет Eurasia Spotlight іскерлік алаңымен бірігіп ұйымдастырылады. «Осы жылы Eurasia Spotlight Астанада алғаш Eurasia Film Market халықаралық кино нарығымен қатар өтеді. — дейді «Евразия» ХКФ-нің бас директоры Рашид Нұғманов, — Евразия кино нарығы тәжібилерімен бөлісуге және Қазақстан мен Орталық Азия кинобизнесінің болашағы жайында ой білдіруі үшін контент құқық иеленуішілерін, дистрибуторларды, сатылым агенттерін Астанада жинайды. Кино нарығы «Сандық Қазақстан» тұжырымдамасымен үндес «Сандық жол» тақырыбын алды.
Кинофестивальге шетелдік жұлдыздар да шақырылды. Кинофестивальдің шетелдік қонақтары голливудтың жарқын жұлдыздары: «Оскар» және «Алтын глобус» лауреаты Николас Кейдж, Джон Ма́лкович и Эдриен Броуди, америкалық актриса Бай Лин, фестивальдік қозғалыстың орасан зор қайраткері, продюсер Марко Мюллер, осы жылғы «Евразия» ХКФ-інде негізгі қазылар алқасын басқаратын, Канн кинофестивалінің лауреаты Сулейман Сиссе.
А. Оралқызы