Таллинде өткен "Қараңғы түндер" кинофестивалінде қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов "Жат" фильмінің премьерасы өтті.
Тұрсыновтың жұмысы фестивальдің негізгі бағдарламасына кірді. Продюсер айтуынша, еуропалықтар картинаны ерекше ықыласпен қабылдады. "Көрермендер басты кейіпкерлердің өмірін ғана емес, сонымен қатар, олардың философиялық мәселелерін көрсеткен картинаны жақсы қабылдады", − деді Төребай. Кинофестиваль 13-29 қараша аралығында өтеді.
Бұған дейін "Жат" фильмі "Шет тілдегі ең үздік фильм" категориясы бойынша "Оскар" жүлдесі негізгі үміткерлер тізіміне кірген болатын. "Жат" фильмі өмірде болған оқиғаға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен жайттар баяндалады. Бостандығын сақтау үшін ол қоғамдық қысымға тап болады. "Жат" фильмінің сценарийін Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысы үшін жазған.
Дереккөз: tengrinews