- Негізгі бет
- Кино
- Ертегі шындыққа айналғанда:...
Ертегі шындыққа айналғанда: Ханзада махаббаты жайлы фильм
Lifetime телеарнасы "Гарри мен Меган: Ақсүйектер махаббат оқиғасы" (Harry & Meghan: The Royal Love Story) аталатын фильм түсірілімі басталғанын хабарлады.
Әлі заңды түрде некеге тұрып үлгермеген ғашықтар рөліне кастинг жүріп жатыр. Картина сюжетінде олардың алғашқы кездесуі, атастырылғанға дейінгі өмірінің барлығы қамтылады. Фильмнің премьерасы қашан болатыны белгісіз, десе де той алдында көрсетіледі деген болжам бар.
Естеріңізде болса, ханзада Гарри мен актриса Меган Маркл үйленетіндерін католиктік рождество алдында, яғни, желтоқсан айының аяғында ресми түрде хабарлады. Бұл ақпарат Ұлыбритания патшалық отбасының твиттер желісіндегі парақшасында пайда болды. Той 2018 жылдың көктемінде өтеді.
Патшалық баспасөз қызметі жастардың тойға дейін Кенсингтон сарайында тұратынын хабарлады. Екі жастың бас қосуына қыздың ата-анасы мен ханзаданың әжесі II Елизавета келісімдерін берген.
36 жастағы актриса Меган Маркл мен 33 жасар ханзада Гарри күні кеше ғана осы ақпаратты ресми хабарлау үшін журналистермен кездесті. Бұл шараға патшалық отбасының жаңа өкілі нағыз ақсүйектерше ұстамды болса, жоғары талғамды киімде шықты. Меган киген элегантты Line the Label брендінің ақ пальтосы, Parosh миди-көйлегі мен Aquazzura аяқ киімі де сән сыншыларының көңілінен шықты. Бірақ, көпшіліктің көзі қалыңдықтың саусағындағы бриллиант жүзікте болды.
Гарридің жалғыз ағасы Уильям мен жеңгесі Кэйт олар үшін бақытты екенін айтып, Меган патшалық отбасы мүшелерін тәнті еткенін атап өтті.
Журналистермен болған кездесуде түсірілген суреттермен қоса, британдық арналардың бірінде жас жұбайлар теле интервью берді.
А. Оралқызы