Астанада Ермек Тұрсыновтың "Кенже" фильмінің ресми таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Картина қазақстандық прокатқа 2 сәуірде шығады. Фильм қазақстандық режиссердің трилогиясының соңғы бөлімі болды, оның алдында "Келін" және "Шал" фильміндері түсірілген еді.
Тұрсынов кастинг кезінде басты рольге сәнқой жігіттерді іздемегенін хабарлағанын ескертті. Бұл рольге актер Жандос Айбасов бекітіліпті. Режиссерің айтуынша, Айбасов көрерменнің бүйрегі бұратын жағымсыз кейіпкердің, яғни киллердің ролінде жақсы ойнай алды. Сюжет бойынша, ағайынды екі жігіттің ата-анасы қайтыс болады. Олар ауылдан Алматыға өз беттерімен келеді. Олар балалық шағын еске түсіреді - Айбасовтың кейіпкері ағасының қатал болуға үйреткенін, қайырымды адамдардың өмірде жетістікке жете алмайтынын айтқанын еске алады. Өскеннен кейін ағайындылар киллер болады. Бірақ Жандос Айбасовтың кейіпкері таңдау жасағысы келеді: өз еркімен кете алмайтын мансап жолын тастау немесе тапсырыстарды ары қарай жалғастыру.
Эпизодтардың бірінде маңызды рольдердің бірін Гер-ата сомдады. Бас кейіпкер оған баласын әкеліп, тастап кетеді. Тұрсынов оның фильмдеріндегі барлық немістің аты Герольд екенін айтты. Оның айтуынша, бұл ұлы Герольд Бельгердің құрметіне арналып отыр.
Актерлер баспасөз мәслихатында өздеріне шығармашылық еркіндік берген режиссер Ермек Тұрсыновпен жұмыс істесу ыңғайлы болғанын айтты. "Тырысып түсірген бір эпиоздтың жоқ екені өте өкінішті, ол ойда жоқта пайда болды, сценарийде болмаған еді. Алматыға келгенімде Ермек қызықты эпизодтың бар екенін айтты. Жандос (бас кейіпкердің ролін сомдаушы) түсірілім алаңында "Қазақ киносында ешкім сүйіспейді, сондықтан бұл эпизодты алып тастайтын шығар" деді. Оны фильмнен алып тастаған Ермекке рақмет", - деді киллерлердің бірін ойнаған Ольга Зайцева.
Режиссер эротикалық эпизодты түсіргенін, бірақ қорытындысында кесіп тастауға шешім шығарғанын түсіндірді. "Материалды көрдім, бас кейіпкердің ойыны сендіре алмады, ол өз серігін зорлайды, бас кейіпкер серігіне қарағанда көп уайымдағандықтан сендіре алмады", - деді сөзіне әзіл араластырған Тұрсынов. Кейін ол ескі дәстүрмен жүргісі келмегендіктен ғана бұл саханалауды кесіп тастағанын айтты.
"Төсектегі эпизодтан мен монтаж кезінде бас тарттым. Киллер пайда болса, оның әдемі қызы болуы керек, бірақ мен шаблондардан бас тарттым. Бұл таза экшн емес қой, мен жанрды бұзғым келді", - деді Тұрсынов.
Осыған дейін "Кенже" фильмінің түсірілім жұмыстарының Тайландта және Испаниядағы Майорка аралында өткені хабарланған еді. Түсірілім тобына Венгрия, Ресей, АҚШ-тың кәсіби мамандары кіріп, күніне 12 сағаттан жұмыс істеген. Қауіпті сәттерді түсіруге Жайдарбек Күнқожиновтың "Номад" каскадерлер тобы қатысты. Олардың көпшілігі Тайландта түсірілді. Себебі фильмде бас кейіпкер кезекті "тапсырысты" орындау осы елге баруы керек болады.
Жандос Айбасовтың жақсы дайындығына қарамастан, оның кейбір қауіпті жұмыстарын дублер орындапты. Бас кейіпкердің әйелі болып қазақстандық жас актриса Айнұр Ниязова ойнады. Сонымен қатар, көрермендер лентада ресейлік актерлер Ольга Зайцева мен Михай Хмуровты және Эдуард Ондарды ("Жаужүрек мың бала") көре алады.
сурет: ©Ізтұрған Алдауев