- Негізгі бет
- Кино
- Ермек Аманшаевтың кинофильмі...
Ермек Аманшаевтың кинофильмі Шанхай кинофестиваліне қатысады
Ресей мен Қазақстанның ортақ туындысы саналатын Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаевтың «Параллельді әлем» ("Параллельные миры") кинофильмі он алтыншы рет өткелі жатқан Шанхай кинофестиваліне шақырту алды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz порталы хабарлайды.
Екі елдің бірлесуімен дүниеге келген романтикалық мелодрама «Панорама» атты арнайы бағдарламада көрсетілетін болады. Естеріңізге сала кетсек, «Параллельді әлем» ("Параллельные миры") кинофильмінің алғашқы көрсетілімі 2013 жылдың 28 наурызында Мәскеу қаласында өткен болатын.
Кинолентада ресейлік актриса Алена Бабенко рөл сомдайтын жалғыз әйелдің ғұмыры баяндалады. Бір күні оның балконында бір жас жігіт пайда болады. Бұл рөл қазақстандық актер Берік Айтжановқа бұйырыпты. Осы жігіт жалғыз басты әйелдің өмірін өзгертеді. Ол осы балкон арқылы арудың жүрегіне жол табады да, дәл осы балкон арқылы одан кетіп қалады. Сөйтеді де нәзік жанды әйелдің жанын жаралап үлгереді.
Айта кетерлік жай, кинофильм дайын болғанша авторлар туындыға «Балкон» деп ат беріп келген еді. Бірақ кейін ол атты өзгертуге тура келіп, роматикалық мелодрама «Параллельді әлем» ("Параллельные миры") деген атқа ие болды.
Режисер книокартинада рөл сомдау үшін Евгений Стычкин, Әлия Тілебарысова, Бибігүл Сүйіншалиева, Ерік Жолжақсынов және Фархат Әбдіраимов сынды талантты актерлермен бірге жұмыс жасады.
Айтпақшы, кинофильмде Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының прима-балеринасы Сәуле Рахметова да рөл ойнаған.
Халықаралық Шанхай кинофестивалі 2013 жылдың 15 маусым мен 23 маусым күндері арасында өтетін болады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
суреттер: tengrinews.kz
А. Әбілхан