Қазақстандық әртіс Еркебұлан Дайыров Мәскеу халықаралық кинофестивалінде "Шлагбаум" фильміндегі рөлі үшін "Үздік әртіс" аталымы бойынша марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестивальдің ресми парақшасында барлық жеңімпаздардың аты жарияланды. Фильм режиссері көпшілікке "Жұлдыздарға арналған коктейль-2" фильмі арқылы жақсы таныс Жасұлан Пошанов.
Жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі 26 маусым күні "Ресей" театрында өтті. Фестивальдің бас жүлдесі болгарлық "Лузеры" фильмін түсірушілерге табысталды. Ал ресейлік Елена Лядова мен отандасымыз Еркебұлан Дайыров "Үздік әртіс" деп танылды.