Ерігіп қана жұлдыз атанғандар

YouTube видео желісі адамды алаламайды. Бай-кедей демей, даңқты бола түсуге бәріне де мүмкіндік береді. Сонымен ерігіп қана жұлдыз атанған екі видеоманды таптық. Көз жүгіртіп көріңіз...

Abercrombie & Fitch деп аталатын америкалық танымал сән брендінің модельдері 2012 жылдың жаз айында Карли Рэй Джепсонның «Call Me Maybe» әнін тыңдап, әрлі-берлі жүреді. Ол бір айдың ішінде 10 миллион көрілім жинаған екен.  

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/z5NRWM3FgqA","width":"450","height":"350"});

Оңтүстіккореялық ұшқыштар да YouTube-тың еріккен жұлдызына айналды. Олар «Отверженные» фильміне пародия жасапты. Әскери адам түсірген видео бір күннің ішінде 430 мың көрілім жинаған. Фильм үйінен шалғайда борышын өтеп жүрген солдаттар жайлы. Оқиға Ален Бублил мен Клод-Мишель Шонбергтың фильмдегі әнімен басталады. Ал мюзикл Виктор Гюгоның романы бойынша жазылған екен. The Washington Post-тың жазуынша, Оңтүстіккореялық әскерилер мұндай қызықты түсірілімдермен айналысады. Бас кейіпкер Вальжан әскерде бір қызға ғашық болады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/lZunEARBb6I","width":"450","height":"350"});

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: al7ll.com