- Негізгі бет
- Кино
- "Энканто": Адамгершілік те...
"Энканто": Адамгершілік те сиқырға ие
25 қарашада Disney компаниясы жаңа Энканто атты комедия-драмалық мюзиклін жарыққа шығарды. Бүгін біз сіздерге 2021 жылдың ең қызықты мультфильмі атанған фильмге шолу ұсынамыз.
Диснейдің жетекші анимациялық студиялары әлемнің түкпір-түкпіріне саяхаттап, олардың мәдени ерекшеліктеріне мән бере отырып, оны халыққа ұсыну тәжірибесін жалғастыруда. Осы жылы жарыққа шыққан Лука фильмінде көрермендер Италияға саяхат жасаса, осы жолы Энканто мультфильмі арқылы Колумбияға аттанды. Мультфильмнің режиссерлері – Байрон Ховард пен Джаред Буш және дебютант Чариз Кастро Смит.
"Энканто" мультфильмі Колумбияда орналасқан, қол жетпес таулар арқылы әлемнен жасырылған аймақ туралы баяндайды. Онда бірнеше жылдар бойы Мадригал отбасы сиқырлы үйде бақытты өмір кешіп жатады. Сиқырлы үй отбасы мүшелеріне ерекше қабілеттер береді. Тек Мирабельге ғана сиқыр күш берілмейді. Бір күні бұл үй жұмбақ себеппен құлай бастайды. Мирабель отбасы үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға шешім қабылдады.
"Энкантоның" сюжеті тек Мадригал отбасының төңірегінде өрбиді. Бұл мультфильмде кейіпкерлер мен арамза зұлым адамдар арасындағы текетірес немесе оларды қабылдамайтын өзге қоғаммен қақтығыс мәселесі қозғалмайды. Диснейдің жаңа фильміндегі қақтығыс тікелей отбасылық драмаға негізделген. Отбасы мүшелерінің әрқайсысының өз қалауы, кейде жасырын қалауы, туыстарының алдындағы міндеттері бар. Кейде бұл кейіпкерлердің бақытсыз болуына, туыстарының үмітін ақтаймын деген оймен өзін ұмытуға себеп болуы мүмкін. күнделікті қажеттілікпен жеке кейіпкерлердің ішкі талпынысы мен сезімінің сәйкес келмеуі. Мирабельдің шытырман оқиғасы отбасылық құндылықтар негізінде құрылған.
Мирабельдің өзгелер сияқты сиқырлы күшінің жоқтығы кемшілік емес. Керісінше бойжеткен ең қарапайым адами қасиеттерге сүйенуге мәжбүр болады. Бұл арқылы авторлар көрермендерге маңызды ойы жеткізуге тырысқандай: тіпті елден ерекше талант, асқан шеберлік болмаса да, кез келген адам керемет нәрсе жасай аласыз. Ал жігерлі, бауырмал және адамгершілігі мол адам болу үлкен күшке немесе басқа да ерекше қабілетке ие болудан әлдеқайда құнды. Бұл да сиқырлы күштің бір түрі.
"Энканто" – Колумбия мәдениетінің дәмі бар мюзикл. Темпераментті және ырғақты композициялар мультфильмнің қызықты болып, іш пыстырмауына әсер етеді. Колумбиялық дәм тек музыкада ғана емес, сонымен қатар "Энкантоның" түрлі-түсті картинасында да байқалады. Флора мен фаунадан бастап, тағамдары мен интерьерін безендіруге дейін мұнда барлығы Колумбия мәдениетін, оның мифтері мен аңыздарын, өткені мен бүгінін көрсетеді.
"Энканто" – әртүрлі жастағы көрерменге ұсынуға болатын тағы бір анимациялық жұмыс. Бұл "Коко құпиялары" деңгейіне жетпесе де, жағымды музыкалық сүйемелдеуімен және одан кем емес тамаша көрнекі бейнеленген, көңіл-күйді мың құбылтатын оқиға.
Т. Есқали