Азиялық Оскар ретінде танылған, жыл сайын өтетін Asia Pacific Screen Awards беделді киножүлдесі үміткерлердің тізімін жариялады. Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің Өзен фильмі Режиссурадағы табыстар номинациясынан көрінді. 12-ші Asia Pacific Screen Awards жүлдесінің жеңімпаздарын Австралияның Брисбен қаласында 29 қарашада жариялайтын болады. Айта кетсек, Эмир Байғазин 2013 жылы Асланның сабақтары фильмі үшін осы аталымда бақ сынап, киножүлденің жоғары бағасына ие болған (Hight commendation). Одан бөлек, Өзен фильмі Лос-Анджелесте өтетін Asian World film festival кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Сондай-ақ, аталған кинотуынды Варшавадағы және Сан Паолодағы фестивальдің арнайы бағдарламаларында көрсетіледі. Ал Өзен фильмінің азиялық тұсаукесері үстіміздегі жылы қазанның 25-і мен қарашаның 3-і аралығында Токиодағы халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасы шеңберінде өтеді. Өзен фильміне қатысты жаңалықтар мені және менің командамды әрине қуантады. Осы орайда, командама алғысымды білдіргім келеді. Олар тек маған емес, сонымен қатар менің идеяларыма қашан да адал. Сондай-ақ, маған қолдау көрсетіп, сенім білдірген Мәдениет және спорт министрлігінің башылығына алғыс айтамын. Болашақта да қарым-қатынастарымыз нығайып, ортақ табыстарға қол жеткізенімізге сенімдімін, - деді режиссер. Фильмнің жарыққа шығуына бірнеше мемлекеттер атсалысты, олар: Қазақстан (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы Қазақфильм АҚ, Emir Baigazin Production), Норвегия (Norsk Filmproduksjon) және Польша (Madants). , бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантының қолдауына ие болды. 2017 жылы қыркүйекте киножоба Варшава халықаралық кинофестивалі кинонарығында Pitch and Meet жобалар байқауында бірінші орынды иеленген болатын. Картинаның пост жұмыстары 2018 жылы жаз айында Польша кинематография институтының қаржылай көмегімен Варшавадағы Orka және Dreamsound студияларында жүргізілді. Өзен фильмінің әлемдік тұсаукесері Венеция кинофестивалі шеңберінде өткен болатын. Бұл фестивальдің Көкжиектер бағдарламасында Эмир Байғазин үздік режиссер атанды. Ал фильмнің Солтүстік Амирикадағы тұсаукесері үстіміздегі жылы қыркүйек айында Халықаралық Торонто кинофестивалі аясында өтті. Кинотуынды фестивальдің Тұғырнама (Платформа) конкурстық бағдарламасындакөрсетіліп, қазылар алқасының құрметті аталымына және Screen Daily тәуелсіз киносыншылардың рейтингісі тізімінде алдыңғы қатардан көрінді. Одан бөлек, Өзен фильмі үшін Эмир Байғазин Голливудтың шетел баспасөзі қауымдастығының грантына ие болды. Өзен фильмі өркениеттен алыс жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған бес ағайынды туралы баяндайды. Аслан туралы трилогияның алдыңғы екі бөлімі 2013 және 2016 жылдары Берлин кинофестивалінің негізгі бағдарламасына қатысқан болатын.