- Негізгі бет
- Кино
- Эмир Байғазиннің фильмі...
Эмир Байғазиннің фильмі "Мәскеу премьерасы" фестивалінде Гран-при жеңіп алды
Кеше 3 қарашада Мәскеуде “Мәскеу премьерасы” халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Режиссер Эмир Байғазиннің “Өзен” (“Река”) фильмі қазылар алқасының шешімімен Гран-при жеңіп алды.
“Мәскеу премьерасы” халықаралық кинокартинасы “Горизонт” кинотеатрында 29 қазан мен 3 қараша аралығында өтті. Фестивальге Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Украина, Грузия, Латвия, Эстония және Ресей және т.б. елдердің режиссерлері қатысты.
Кинофестивальдің бағдарламасына толықметражды және қысқаметражды фильмдер конкурстық көрсетілімі кірді. “Халықтар достығы” циклінде бұрынғы үздік фильмдер, бірлесе шығарылған кинолар көрсетілді.
Фестивальда негізгі қазылар алқасынан бөлек, Ресей киноклубтарының қазылар алқасы да картиналарға бағасын беріп отырды. Бұған дейін 75-ші Венеция кинофестивалінде “Көкжиектер” бағдарламасының “Алтын арыстан” жүлдесін жеңіп алған “Өзен” фильмін олар да үздік деп таныды.
Сонымен қатар Қазақстан екі көркем фильм: ”Айка” (Сергей Дворцева) мен “Риэлтор” (Әділхан Ержанов) конкурстан тыс көрсетілді.
Қысқаметражды фильмдер байқауына қазақстандық жас режиссерлер Елдар Шибановтың "Зоопарк" және Шұғыла Сержанның "Самал" фильмдері қатысты.
Т. Раушанұлы