- Негізгі бет
- Кино
- Эмир Байғазин La...
Эмир Байғазин La Biennale di Venezia кинофестивалінің жүлдесіне ие болды
Қазақстандық Эмир Байғазин La Biennale di Venezia кинофестивалінде "көкжиектер" секциясы бойынша үздік режиссер атанды.
Фестивальге қазақстандық режиссер балалар тақырыбындағы трилогияны аяқтайтын "Өзен" атты фильмін ұсынған. Трилогияның бірінші бөлімі – "Асланның сабақтары" мен және екінші бөлімі – "Жаралы періште" фильмдері 2013 және 2016 жылдары Берлин кинофестивалінде көрсетілген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram#BiennaleCinema2018 #Venezia75 #Orizzonti Best Director - @emir_baigazin for #Ozen
"Өзен" фильмі шалғайда өмір сүретін бес ағайындының өмірі қаладан қонақ келген соң қалай өзгергендігін көрсетеді. Фильм түсірілімі Түркістан облысында өткен. Басты рөлдерді Қазақстанның әр бұрышынан жиналған әуесқой әртістер сомдады. Фестивальдің бас жеңімпазы мексикалық режиссер Альфонсо Куаронаның "Рома" фильмі атанды. "Ағайынды Систерс" фильмін түсірген Жак Одияр болса үздік режиссер атағын иеленді. Гран-приді төрешілер "Фаворит" фильмін түсірген Йоргус Лантимосқа табыстады. Үздік актер атағын "Ван Гог: Мәңгілік табалдырығында" фильміне түскен Уиллем Дефо алса, әйелдер арасында "Фаворит" фильмінде ойнаған Оливия Колман үздік атанды.
Massaget.kz