Кез келген саясаткер секілді президенттің де өзгелер көретін, өзі жасайтын образы аса маңызды. Кинода ойнайтын имиджі де маңызды рөл атқарады. Назарбаев туралы түсірілген көркемфильм де, деректі фильм де аз емес. Солардың ішінде ең танымал түрлерін атайық.
Нұрсұлтан Назарбаев туралы толыққанды түсірілген деректі фильмдердің бірегейі – «Маңызды мәселелер Назарбаевпен» деп аталады. Мұнда елбасымен бір сағатқа жуық сұқбат жасалады, Назарбаев біраз әңгіменің бетін ашып, көпшілікті қызықты мәліметтерге қанық қылады. Түрлі тақырыптарды сөз етіп, соның ішінде пара беру мәселесі де қозғалды. Сонымен қатар Назарбаев жақындары мен басқа да қазақстандық саясаткерлер туралы пікірін айтады.
2013 жылы түсірілген бұл фильм көбіне Назарбаевтың жеке басына қатысты боп келеді. Журналист Ярослав Карсиенко мен актриса Әсел Сағатова біз экраннан көріп жүрген Назарбаевтың өзге де қырларын ашып айтуға тырысады. Фильм авторлары елбасының тек Ақордадағы жеке кабинетіне ғана емес, резиденциясына, үйіне де барған. Оның жеке өміріне қатысты біраз ақпарат алып, елбасымен бір дастарқан басынан дәм татқан.
Фильм түсірушілер Президенттің туған жері Шамалғанға, еңбек жолын бастаған Теміртауға, Қарағандыға да барған. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны толық баяндалған алғашқы фильм осы.
Бұл деректі картинада Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгіні, Қазақстанның өзге елдермен қарым-қатынасы суреттеледі. Ел басына күн туар сәттерде көшбасшымыз қиын мәселелерді қалай шешкені баяндалады. Тәуелсіздіктен кейінгі қиын кезеңдерді бастан өткізіп, аяққа тұрған Қазақстанның өткені мен осы шағы жақсы көрсетілген. Фильм Леонид Млечиннің «Назарбаев. Президентпен түсірілген топтық портрет» кітабының желісі бойынша түсірілген.
Алдыңғы аталған фильмдерде Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы өзгелер тарапынан баяндалса, «Елбасы» толық метражды көркем фильмінде тұңғыш Президент өз аузымен Отанымыз қандай қиындықтардан аман қалғанын айтады. Қазақстанның тарихи орнын, көшпенді түркілердің дамуын, Ақмоланың қалай Астана боп қалыптасқанын тәптіштеп түсіндіреді.
«Елбасы жолы» («Путь лидера»)
Тұңғыш Президен туралы ең ауқымды кино жұмысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан бастап суреттелетін, бес фильмнен тұратын «Елбасы жолы» көркемдік эпопеясы. Бірінші фильм «Балалық шағымның аспаны» Назарбаевтың естеліктері жазылған өз кітабының желісімен түсірілген, режиссері – Рүстем Әбдірашев. Мұнда балалық шағында Сұлтан атанған болашақ президенттің Киев Азаматтық авиация институтына оқуға түсіп, ұшқыш болуды армандауы көрсетіледі. "Отты өзен" және "Теміртау" бөлімдерінде оқу бітіріп, Теміртауға жұмысқа келген шағы, ал «Тығырықтан жол тапқан» бөлімінде саясатқа қадам басқан шағы суреттеледі. Ал бесінші «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің түсіріліміне орыс режиссері Сергей Снежкин қатысады. Мұнда басты рөлді атақты әртіс – Берік Айтжанов ойнаған.