Amazon Studios компаниясы StudioСanal арнасымен бірлесіп Радиоактивтілік аталатын фильм түсіріліміне кіріспек. Бұл туынды физика және химия ғылымдары бойынша екі мәрте Нобель сыйлығының лауреаты атанған Мария Кюри өмірбаянынан сыр шертеді. Ғалымды актриса Розамунд Пайк сомдайды. Фильмнің режиссері Маржан Сатрапи есімді Иран жазушысы. Оның Иран революция туралы Персеполис комиксі бойынша түсірілген мультфильмі Оскар сыйлығына ұсынылды. Радиоактивтілік ғылыми-романтикалық фильмінде Мария мен оның күйеуі Пьер Кюри арасындағы махаббат та көрініс табады. Бұл фильм ерекше әйелдің ерекше өмірбаяны. Ол радиоактивтіліктің ашылуы мен осы жаңалық ашылуының әлем тарихына тигізген әсері және цинизм жөнінде ой қозғайды, дейді Сатрапи. Фильм Лорен Реднистің Радиоактивтілік. Мария мен Пьер Кюрилер. Махаббат пен оның салдары туралы ертегі аталатын графикалық романы негізінде түсіріледі. Жұмыс осы күзде Будапеште өтеді. Фильмнің премьерасы қай күні екені әлі белгісіз.