- Негізгі бет
- Кино
- Екі қазақстандық фильм...
Екі қазақстандық фильм "Ника" сыйлығына үміткерлер тізіміне енді
"Ника-2021" сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды. Аталмыш сыйлыққа Қазақстаннан екі фильм ұсынылған.
"ТМД және Балтық елдерінің үздік фильмі" аталымында режиссер Ернар Нұрғалиевтің "Жаным, айтсам сенбейсің" және Әділхан Ержановтың "Сары мысық" фильмі лауреттар қатарына енген.
Бұл аталымда "Фариданың екі мың әні" (Өзбекстан), "Өлімнен өлімге" (Әзірбайжан), "Шамбала" (Қырғызстан) атты фильмдер де бар.
"Жаным, айтсам сенбейсің" қара комедиясы қарапайым ерлі-зайыптылардың отбасылық жанжалынан басталады (Данияр Алшынов пен Әсел Қалиева). Жағдай шегіне жеткенде, Дастан есімді басты кейіпкер болашақ кәсіпкер және жергілікті полиция қызметкер достарымен (Азамат Маркленов, Ерлан Пірімбетов) балық аулауға барады. Балық аулап жүріп күтпеген жерден олар адам өліміне куә болады. Шытырман оқиғалар тізбегі осы жерден басталады.
Ал "Сары мысық" фильмі қазақстандық Бони мен Клайдтың оқиғаларын баяндайды (Азамат Нығманов пен Камила Нұғманова). Бұл қылмысқа белшесінен батқан Кермек деген жас жігіт пен жас қыз Еваның қиындықтар туралы махаббат хикаясы.
"Никаның" марапаттау рәсімі 25 сәуірде Мәскеуде өтеді.
Осыған дейін "Жаным, айтсам сенбейсің" фильмі ресейлік "Киношок" фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған еді. Сондай-ақ қазақстандық "Қап-қара адам" фильмінің қоюшы режиссері Әділхан Ержанов сол фестивальдің "Үздік режиссура" номинациясында жеңіске жеткен болатын.
Т. Раушанұлы