Дорамалар тек махаббат жайында емес, кей дорамаларда достық та баяндалады. Бұл дорамалардың кейіпкерлері кім екені маңызды емес: олар 10-шы ғасыр жауынгерлері, Сеулдің кедей ауданынын мекендейтіндер және өмірден әлі өз орнын таппаған студенттер болуы да мүмкін. Бүгін достық туралы ең қызықты дорамалар тізімін ұсынамыз.
"Хвараң" / "Отряд Хваран" / Hwarang
(2016)
Х ғасырға дейін Силла патшалығында патшайымның бұйрығымен ең сымбатты жігіттерден арнайы жасақ құрған. Оларды хвараң деп атаған. Сериал қалыптасқан сол дәстүр негізінде түсірілген. Оқиға әдеттегідей басталады: кейіпкерлер бірден достаса алмайды, бірақ ортақ жұмыстар, қиындықтар, жақын жанды жоғалту мен түрлі тәжірибелер біріктіреді. Бас кейіпкерді Пак Со Джун мен Пак Хён Щик ойнады. Ал олардың достарының бірінің рөлін BTS-тен V атымен аталатын Ким Тэ Хён ойнады.
"Жастық дәурен" / "Эпоха юности" / "Cheongchunsidae"
(2016)
Дорама бір-біріне ұқсамайтын бес студент қыздың басынан кешкендерін баяндайды. Олар бір пәтерді жалдап тұрады. Қатарларында оқуын енді бастаған бойжеткен де, өз-өзіне сенімді байдың қызы да бар. Бірі адамдармен тез тіл табысатын журналист қыз болса, енді бірі жұмыс пен оқудан бас алмайтын еді. Дорама комедия жанрында болса да, тұрмыстық зорлық-зомбылық, өзін өзі тану сияқты мәселелерді көтереді.
"Бәрін жеңеміз" / "Прорвёмся" / "Ssam, maiwei"
(2017)
Оқиға төрт жастың арасында өрбиді. Олар мектеп кезінен жақсы араласады, есейсе де әлі жетістікке жете қоймады. Бір кездері олардың әрқайсысының өмірлік жоспарлары болды. Енді олар өздері не қалайтынын білмейді және өздерінің жасап жүрген істеріне көңілі толмайды. Мұндай жағдайда не істеу керек? Әрине, бәрін өз қолына алып және қиындықтарға қарамастан мақсаттарға жету керек. Олар ғашық болады, шынайы достар табады, қарым-қатынастарды ретке келтіреді.
"Мелодрама ерекшеліктері" / "Природа Мело" / "Melloga chejil"
(2019)
Дорама ойын-сауық саласында жұмыс істейтін отыз жастағы үш достың оқиғасын баяндайды. Олар жеке өмір мен мансап арасындағы тепе-теңдікті табуға тырысады, бірақ бұл оларға үлкен қиындықпен беріледі. Әркім өз орнын тапқысы келеді. Бірақ мансап сатысымен көтерілу оңай емес. Соған қарамастан, достық әрқашан барлық қиындықтан оңай шығуға көмегін тигізеді.
"Итэвон ауданы" / "Итэвон класс" / "Itaewon keullasseu"
(2020)
Дорама кейіпкерлері ортақ мақсат үшін бірігеді. Бас кейіпкер Пак Се Рой түрмеден шығады. Ол жасамаған қылмысы үшін жазаланған болатын. Се Рой Сеулдегі туристер ауданы Итэвонда мейрамхана ашады. Оған бизнесті нөлден бастауға көмектесу үшін жаңа коменда керек болады. Дорамада достықпен қатар бірнеше тақырыптар көтеріледі: әйелдер үшін мансап құру қиындығы, мектептегі зорлық-зомбылық, әлеуметтік теңсіздік, нәсілшілдік.
"Отыз тоғыз" / "Тридцать девять" / "Seoreun ahop"
(2022)
Бұл дорамада қырыққа таяп қалған үш достың өмір тарихы суреттеледі. Олар жұмысқа барады, сүйікті адамдарымен кездеседі, кешке мейрамханаларда жиналып, өзекті мәселелерді талқылайды. Олардың әңгімесі арқылы өзін-өзі тану, тұрмыстық мәселелер, балалық шақтағы естеліктер, ересектер мен тәуелсіз болудың маңызын көрсетеді.
"Жиырма бес, жиырма бір" / "Двадцать пять, двадцать один" / "Seumuldaseot seumulhana"
(2022)
Мектеп оқушысы На Хи До үздік семсерлесуші және Олимпиада чемпионы Ко Ю Римнің бір алаңда бақ сынауды армандайды. Табандылығының арқасында ол жаңа мектепке ауысып, үздік бапкері бар командаға түседі. Оның хикаясы осы жерден басталады. Хи До арманын орындау үшін көп еңбектенед және жаңа дос табады. Рас, олардың кейбірімен қарым-қатынас құру бастапқыда қиын болады.