Pixar Animation киностудиясы 2015 жылдың 25 қарашасында "В поисках Немо" мультфильмінің сиквелын прокатқа шығарады. Бірақ бұл жолы фильм лента кейпкерлерінің бірі Дори балығына арналады.
Аннимациялық фильмді дыбыстауға тағы да Альберт Брукс пен Эллен ДеДженерес жұмыстанатын болады. Авторлар мультфильмге Доридің өткен өміріне байланысты элементтерді енгізуге уәде беріп отыр.
Естеріңізге сала кетелік, "В поисках Немо" картинасы прокатқа 2003 жылы шыққан болатын. Түсірілім жұмыстарына 94 миллион доллар жұмсалған фильм прокаттан 900 миллион доллар жинаған болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: pirat.ca