Америкалық кино өнері институты (AFI Life Achievement Award) актер Джордж Клуниді кинематография саласындағы жетістіктері үшін марапаттайтын болды. Марапатты табыстау құрметі Клунимен талай партнерлік рөлдер сомдаған Джулия Робертске бұйырып отыр. Шара 7 маусым күні Голливудта өтеді. Джордж Клуниге бұл марапатты табыстау туралы шешім 2017 жылдың қазан айында қабылданған болатын. Жалпы, AFI Award биыл 46-шы рет өткізіледі. Клуни осыған дейін Оскар марапатын екі мәрте иеленген (Екінші пландағы үздік ер адам рөлі (Сириана, 2006) және Үздік фильм (Операция Арго, 2013)). Сондай-ақ, ол киноакадемия марапатына алты түрлі категорияда ұсынылған. Мұндай дәрежеге оған дейін тек Уолт Дисней жеткен екен.