Америкалық кино өнері институты (AFI Life Achievement Award) актер Джордж Клуниді кинематография саласындағы жетістіктері үшін марапаттайтын болды. Марапатты табыстау құрметі Клунимен талай партнерлік рөлдер сомдаған Джулия Робертске бұйырып отыр. Шара 7 маусым күні Голливудта өтеді.

Джордж Клуниге бұл марапатты табыстау туралы шешім 2017 жылдың қазан айында қабылданған болатын. Жалпы, AFI Award биыл 46-шы рет өткізіледі.


Клуни осыған дейін "Оскар" марапатын екі мәрте иеленген ("Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" ("Сириана", 2006) және "Үздік фильм" ("Операция "Арго", 2013)). Сондай-ақ, ол киноакадемия марапатына алты түрлі категорияда ұсынылған. Мұндай дәрежеге оған дейін тек Уолт Дисней жеткен екен.
А. Оралқызы