Актер Джордж Клуни "Қайырлы таң, түнжарым" атты постапокалипсистік драмаға түскелі жатыр. Фильм Лили Брукс-Далтон есімді жазушы романының кино адаптациясына айналады.
Клуни Арктикада жалғыз қалған ғалым рөлін сомдайды. Кейіпкер Жерге қайтып келе жатқан зымыран экипажымен байланысқа түсуге талпынып көреді. Картина түсірілімі қазан айында басталады. Актер басты рөлді сомдағанымен қоса, фильм режиссері қызметін атқарады.
"Мен бұл туындыдан әсерлі кино жасай алатын бір адамды білемін. Ол – Джордж. Кітап өте керемет. Нағыз адамзат болмысын беретін туынды. Көрермен жүрегінен орын алары анық"- дейді Netflix басшысы Скотт Стубер.