Американдық актер көрші елге қонаққа келген кезде «Жалғыз басты рейнджер» фильмін түсірудегі қиындықтар жөнінде айтып берген. Оның айтуынша, басқа фильмдерде бұрын-соңды жасамаған трюктерді жасап, енді бір көріністерде бетінде шаяндар жүрген.
«Түсірілім барысында көптеген жануарлар болды. Тіпті, бірде аттан құлап қалдым, бірақ бұл оқиға мені аса мазаламады. Тағы бір көріністе шаянды тамағыма салмақ болдым, оған бұл іс-әрекетім ұнамай менімен айқасты»,- дейді Джонни Депп.
Расымен де «Одинокий рейнджер» фильмінің түсірілімінде Джонни Депп ат тұяғының астында қалып қоя жаздаған. Сценарий бойынша Тонто есімді үндістің рөлін сомдайтын Джонни өзге актерлермен бірге ат мініп құм далада жарысуы керек болатын. Аттар енді шаба берген кезде Джоннидің аты осқырынып, ертоқым сырғып кетеді. Мұндай трюктерді бұрын-соңды ойнап жүрген актердің қолынан ат әбзелі шығып кетіп, бір қырынан жерге құлайды. Бақытына орай, аттар кино жұлдызды таптамаған. Фильмді түсіруші топ оны аттардан алшақ жерге шығарып үлгеріп, дәрігерлік тексерістен өткізеді. Аттың актер денесін артқы аяғымен тепкеніне қарамастан, сынған жерлері жоқ. Осылайша 50 жастағы актер бір ажалдан аман қалды.
Мұнымен қатар, жылжып бара жатқан пойыздың үстімен қалай жүгіргенін, пойыз құрамының астында қалып қойғандығы туралы айтты. Депптің сөздерінше, пойыздың астында қалып қойғаннан гөрі, үстінде жүгірген қанша қиын болса да жақсырақ.
Естеріңізде болса, Джонни Депп көз көруінің нашарлауына байланысты кино әлемінен кететіндігін хабарлаған болатын. Бір көзі мүлдем көрмей, екінші көзі де нашарлап бара жатқандығын айтып сөз соңында сол жаңалықты растады.
//
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: trendender.ru