Биыл шыққан фильмдер арасында жұрт назарын аударған "Джокердің" жалғасы түсіріледі. Warner Bros. Pictures Group басшысы Тоби Эммерих режиссер Тодд Филлипске өз рұқсатын берген.
The Hollywood Reporter хабарлағандай, "Джокер" фильмінің жалғасы үшін 96 миллион доллар жұмсалмақ. Бұл кинотуындының біріншісіне қарағанда 36 миллион долларға көп.
Фильм қашан, қайда, қалай жалғасатыны жайлы ақпараттар әзірге жарияланған жоқ. Басты рөлді Хоакин Феникстің өзі сомдайтын болады. Ал сценарийін Скотт Сильвер жазады.
"Джокер" биыл 16 номинация бойынша "Оскар" сыйлығына ұсынылады деп күтілуде.
Айта кетейік, “Джокер” фильмі премьерасы 2019 жылдың 31 тамызында 76-шы Венеция кинофестивалінде өтті. Картина фестивальде бас жүлде – "Алтын Арыстанды" иеленді. Ал фильм туралы қызықты ақпаратты “Тағдырдың күлкісіне қалған Джокер” атты мақаламыздан оқып біле аласыздар.