Британдық танымал актер Джейсон Стэтхэм қытайлық төбелес киноларына түсуді жоспарлап жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Hollywood Reporter. Батыстық экшн-фильмдердің төбелесқұмардың жоспары жайлы «Неудержимые» кинофраншизасының продюсері Чжан Чжао Қытайда өтіп жатқан жарнамалық тур кезінде айтты.
Актердің айтуынша, ол Қытай еліне барғанда аса қонақжайлылықпен күтіп алған қытайлық актерлер тобына қатты таңғалған. Джейсон Стэтхэм бұл елге «Неудержимые 3» фильмінің тұсаукесерін өткізу үшін барған. Сонымен қатар, Джейсон Стэтхем жергілікті БАҚ журналистеріне қытайлық кинематографистерімен бірлесіп жұмыс жасау туралы ойы бұрыннан-ақ болғанын жеткізген. Ал актердің аспан асты елінің киноиндустриясымен жұмыс тәжірибесі бар: ол 2002 жылы «Перевозчик» фильмінде қытайлық Шу Ци есімді актермен бірге басты кейіпкердің рөлін сомдаған. Дәл осы фильмнің таныстырылымынан соң актер АҚШ-та атақты болғанын да қоса кетейік.
Джейсонның сөзін продюсер Чжан Чжао да растап отыр. Ол қазіргі уақытта актердің қытайлық кинематграфистерімен келіссөздер жүргізіп жатқаныдығын да айтып өтті. Әзірге Стэтхемнің басты рөлді сомдайтын фильмі туралы ақпарат жоқ.
Джейсон Стэтхэм 47 жастағы ағылшын актері. Әлем кинокөрермендері оны «Карты, деньги, два ствола», «Большой куш», «Револьвер», «Перевозчик» және «Адреналин» фильмдері арқылы таниды. Жас кезінде актер төбелес өнерімен айналысқан, тіпті Tommy Hilfiger компаниясының жарнамасына түсіп, модельдік бизнестен де тәжірибе жинаған.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfur.me