Суперагент туралы фильмдер желісінің продюсері Барбара Брокколи келесі жолы Бондтың рөлін не әйел адам, не қара нәсілді актер сомдайтынын айтты. Бұл сұрақты журналистер жиі қоятын. Енді міне көптен күткен жауаптарын да алды. Бұл фильмдер әрқашан өзі түсірілген заманның болмысын береді. Сол себепті, біз қатып қалған қағида ұстанбаймыз, - деді Брокколи ханым. Продюсер бұл аңыз кейіпкерді қай актриса сомдауы мүмкін екенін анық айтпаса да, көпшілік Джиллиан Андерсонның еншісіне тиеді деген сенімде. Әрине, леди-Бонд атануға қай актриса да қарсы болмасы анық.