Ағылшын агенті Джеймс Бонд жақында шығатын “Shatterhand” атты 25-туындысында Rapide E моделіндегі электрокар машинаны жүргізеді. Бұрынғы серияларындағыдай ол Aston Martin көлігінен пайдаланады.
Фильм режиссері Кэри Фукунаганың түсіру тобы фильм түсірілгенге дейін көлік дайын болу үшін Aston Martin-мен бірлесіп жұмыс жасап жатыр. Режиссер электрокарға көп үміт артып отыр. Себебі фильм барысында онымен байланысты шытырман оқиғалар өте көп болмақ.
Rapide E екі электроқозғалтқышпен жабдықталған электрокар болып, 610 ат күшіне ие, 65 к.Ватт батарея машинаның толық қуатпен 322 шақырым басып өтуін қамтамасыз етеді. Көлікті 100 киловаттық терминалдан толық қуаттау үшін 40 минут қажет. Машина 97 км/сағат жылдамдыққа 4 секундта жетеді. Оның максимал жылдамдығы 250км/сағат. Бұл көлік осы жылдың төртінші маусымында нарыққа шығарылады. Бағасы белгісіз.
Айта кетейік, Бонд туралы соңғы “007: Спектр” фильмінде агент Aston Martin DB10 моделін пайдаланған болатын. Бұл машина арнайы фильм үшін 10 данамен жасап шығарылған еді. 2016 жылы автомобильдің бір данасы 2,4 миллион фунт-стерлингке сатылған.